Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ернұр Қабатаев еркін күрестен Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Ернұр Қабатаев

Павлодар педагогикалық институтының студенті Ернұр Қабатаев Софияда (Болгария) еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені олжалады, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен. Оған әлемнің белді спортшылары қатысқан.

ҚР еркін күрестен спорт шебері Е.Қабатаев ҚР жастар құрамасының сапында сынға түсті.

Өзінің 50 келі салмақ дәрежесінде ол халықаралық спорт шебері нормативін орындап, үшінші орын алды. ҚР құрамасының қоржынында Ернұр Қабатаев жеңіп алған бір ғана қола жүлде бар.

Бұл жарыс спортшы үшін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарына дайындықтың басы болды.

 

ПАВЛОДАР.  ҚазАқпарат

 
0
0
798

Осы тақырып бойынша

Ернұр Қабатаев еркін күрестен Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды - Yvision.kz