Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды


Фариза Алдоңғарова

Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы ҚР Күрес федерациясының баспасөз баянында хабарланды. Ойындардың 1/4 финалында 55 келі салмақ дәрежесінде ол Бангладештен келген Фатиха Уммуль Исламды 12:0 есебімен жеңді, жартылай финалда өзбекстандық Динорохан Мамадибрагимовадан 2:0 есебімен басым түсті. Өкінішке орай, ақтық сында біздің отандасымыз филиппиндік Паулинеуз Лопезке 2:4 есебімен есе жіберіп алды.

Еске сала кетейік, кеше Қытайдағы жасөспірімдер арасындағы 2-ші Азия ойындарында қазақстандық таеквандошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақ дәрежесінде қола медальді олжалады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
349

Осы тақырып бойынша

Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды - Yvision.kz