Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды

Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамо

Қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік «Динамоны» қабылдады, деп хабарлады Vesti.kz.

Кездесудің алғашқы минутынан-ақ киевтіктер тарапынан күшті шабуыл басталды. «Динамолықтар» шапшаңырақ гол соғуға құшырланғаны байқалып тұрды. Жанкүйерлердің қызу қолдауына қарамастан, алаң иелері «шашыраңқы» ойнады. Осыны пайдаланған қонақтар 16-минутта Владимир Никитенко командасының сазайын берді.

Қақпаларына гол жіберіп алған ақтөбеліктер есін жинап, қауіпті шабуылдай бастады. Ойынның 37-ші минутында айып доптардың бірі қақпаға кірді.  Бірінші қанаттан ұшқан Гейнрихтің добы Тремулиннің тізесіне тиіп қақпаға дөп түсті — 1:1.
Ойынның екінші жартысына »Динамо» бар күшін салғандай.  51-ші минутта Идейе «Ақтөбенің» айып добын тұтып алып, Сидельниковтің жанынан өткізіп жіберді.
Екінші голдан кейін ақтөбеліктердің ұнжырғалары түсіп кетті. Бес минуттен кейін Беланда «Динамоның » үшінші голын соқты.
66-минутта Арзуманянның оң қанаттан соққан добы Хайруллиннің аяғына тиді, бірақ Шовковский қайрат көрсете алмады — 2:3.
Матчтын соңына қарай ойын шиеленісе түсті. Бірақ ойынның есебі өзгермеді — 3:2. Жауап матч 29 тамызда Киевте өтеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
316

Осы тақырып бойынша

Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды - Yvision.kz