Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстандық спортшылар біздің қолдауымызға аса зәру — Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы маңындағы «Жаңа қуат» коттедждер қалашығында Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау мақсатында «Алға, Қазақстан!» отбасылық-спорттық мерекелік шарасы өткізілді. Осы қалашықтың тұрғыны Ольга Рыпакова мерекенің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Олимпиада — бұл барлық адамдар үшін үлкен мейрам. Бәлкім, бүгінгі мерекеден кейін біздің балаларымыз спортпен айналысуға көңіл бұрар. Бізде осындай мерекелік шаралардың көбірек өтуін тілеймін», — деді. Ол сондай-ақ спортшылар үшін туған елінің қолдау білдіруінің қаншалықты маңызды екендігін атап көрсете отырып, қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуларымен шын жүректен құттықтады. «Қазақстандық спортшылар біздің қолдауымызға аса зәру»,- деп атап өтті тағы да ол. Шар…

0
0
518

Сочидегі Олимпиада, 4-күн: Медальдар саны бойынша озық шыққан елдер

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан 22-ші Қысқы Олимпиада ойындарының төртінші күні аяқталды. Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының ресми сайтында хабарланғандай, 10 ақпандағы жарыстардың нәтижелері бойынша бірінші орынға 7 медальмен канадалықтар шықты (3 алтын, 3 күміс, 1 қола). Екінші орыннан голландиялықтар көрінсе (барлығы 7 медаль — 3 алтын, 2 күміс, 2 қола), үшінші тұғырға норвегиялықтар шықты (7 медаль — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола). Ал келесі орында қанжығасына 5 медаль байлаған АҚШ елі тұр (2 алтын және 3 күміс). Бесінші орын 2 алтын медальды місе тұтқан Германия құрамасына тиесілі. 2014 жылғы айтулы ойындардың иесі Ресей болса, 6 медальмен алтыншы орынды иеленді (1 алтын, 2 күміс, 3 қола). Қазақстан құрамасының қоржынына әзірге бірде-бір медаль түспеді. Басты сө…

0
0
370

Сочидегі Олимпиада: Шанашы Елизавета Аксенова 28-орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен сырғанаудан төртінші жарыс қорытындысы бойынша 3 минут 28,085 секунд көрсеткішімен 28-орын алды.

Краснояр қаласының тумасы, 18 жастағы Елизавета Аксенова — шана спортынан Олимпиададағы Қазақстанның бірден-бір өкілі.

Шана спорты — аса экстремалды олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Ол жасанды мұз қатырылған арнайы трасса арқылы бір орындық шанамен жылдам сырғанап жарысуды білдіреді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
335

Сочидегі Олимпиада: 12 ақпанда Қазақстанның басты үмiттерiнiң бiрi Денис Кузин медальға таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Сочиде конькимен жүгiруден әлем чемпионы қазақстандық Денис Кузин 1000 метрлiк қашықтықта жарыс жолына шығып, Олимпиада медалiне таласып көретiн болады.

Қазақстандықтар оған үлкен сенiм артып отыр. Себебi 1000 метрлiк сайыс оның ең оңтайлы қашықтығы саналады. 2013 жылы Жапонияда өткен Әлем чемпионатында дәл осы әдiсте ол алғаш рет чемпион атанды. Сонымен қатар Әлем Кубогiнiң кезеңiнде жеңiс тұғырынан көрінді.

Денис Кузин — ҚР еңбек сiңiрген спортшысы. Алты дүркiн Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңiмпазы. Онымен бiрге бұл күнi тағы екi қазақстандық — Александр Жигин мен Федор Мезенцев мұзға шығады. Жарыс «Адлер-Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 20.00-де басталады.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
239

Сочидегі Олимпиада ойындарының құрметіне 1 млн төсбелгі әзірленген

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 1 миллион төсбелгі дайындалған, деп жазады ИТАР-ТАСС «Госзнак» федералдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айтулы спорт жарыстарына арналған төсбелгі Олимпиада туралы естелік қана емес, ол жылдар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін коллекциялық құндылық дейді аталмыш мекеменің қызметкерлері. Олимпиада-2014 символикасын пайдаланумен төсбелгілерді және естелік медальдарды шығару және оны Ресей аумағында сату құқына Ресейдің «Госзнак» мемлекеттік кәсіпорны ие. Ол 2014 жылғы Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының және ХІ қысқы Паралимпиада ойындарының ресми лицензианты болып табылады. Аталмыш кәсіпорынның сату жөніндегі директоры мәлім еткендей, бұл төсбелгілер соғу баспақтарына салынып,…

0
0
557

Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші лигада додаға түсетін командалар құрамы мен ойындар күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биыл бірінші лигадағы командалардың саны бір ұжымға қысқарып, 15 болды. Атап айтқанда, алдағы маусымда ел чемпионатының бірінші лигасында мына командалар додаға түседі: «Восток» (Өскемен), «Ақжайық» (Орал), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қызылжар» СК (Петропавл), «Каспий» (Ақтау), «Астана-1964″ (Астана), «Қыран» (Шымкент), «Жетісу-Сұңқар» (Талдықорған), «Гефест» (Қарағанды), «Екібастұз» (Екібастұз), «Болат»» АМТ (Теміртау), «Лашын» (Қаратау), «Бәйтерек» (Астана), «Мақтаарал» (ОҚО, Мақтаарал ауданы), ЦСКА (Алматы). Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биыл ел біріншілігіне Алматы облысынан тек бір…

0
0
366

«Астана» әйелдер велокомандасы биылдан бастап ел намысын қорғайды

Сочи қаласында Қазақстанның велосипед спорты федерациясының вице-президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев Халықаралық велесипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксонмен кездесті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметінен. Кездесу кезінде аймақтағы велосипед спортының дамуы сөз болды. Д.Қалетаев Куксонды «Аstana proteam» командасының перспективасы мен биылғы жылдың басында тіркелген жаңа жоба — «Астана бипинк» әйелдер велокомандасы туралы хабардар етті. Б.Куксон өз кезегінде қазақстандық велоспорт федерациясының бастамасына қолдау білдірді. Атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада тас жолда және тректе өткізілетін Азия чемпионаты мен 2015 жылға жоспарланған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен «Тур Алматы» веложарысын сәтті өтетініне сенім…

0
0
329

Сочидегі Олимпиада: 11 ақпанда жарыстарға әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько шығады

Сочидегі кезекті Олимпиадалық күнді қазақстандық құрама еркін стильдегі спринт жарыстарымен ашады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Астана уақытымен сағат 16.00-да «Лаура» шаңғы мен биатлон бойынша жарыстар кешенінде сайысқа Татьяна Осипова мен Елена Коломина тағы да шығады. Олар 67 спортшымен сайысқа түседі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұл спортшы қыздар скиатлонда өнер көрсеткенімен, жақсы нәтижеге жете алмады. Олардан кейін, 16.25-те еркін стильдегі іріктеу спринтіне ерлер қатысады. Қазақстан намысын шаңғышылар Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рогозин қорғайды. Еске сала кетер болсақ, Николай классикалық стильдегі командалық спринтте Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ерікті стильде ол 34-35-ші нәтиже көрсетті. 20.30-да «Санки» шана спорты орталығында өтетін жарыстарға Қа…

0
0
338

Шанашы Елизавета Аксенова екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады

Елизавета Аксенова

Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидағы ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардан.

Краснояр қаласының тумасы, 18 жастағы Елизавета Аксенова — шана спортынан Олимпиададағы Қазақстанның бірден-бір өкілі.

Алғашқы жарыста ол 51,836 секунд уақытымен нәтиже көрсетіп, 29-орынға ие болды. Екінші жарыста да ол алдыңғы нәтижесін сақтап қалды (52,068 секунд, 29-орын). Ертең де ол екі жарысқа қатысады. Жарыстар 20.30-да «Санки» шана спорты орталығында өтеді.

Шана спорты — экстремальдық олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Бұл жарыстар бірорындық шанамен жасанды мұз қатырылған арнайы трассада шапшаң құлдилау түрінде өтеді.

0
0
293

Қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий шаңғыдан ізге түсу жарысында 30-дыққа ілікті

Ян Савицкий

Қазақстандық биатлоншы шығысқазақстандық Ян Савицкий Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындарда 12,5 шақырымдық ізге түсу жарысында 29-шы болып келді.

Ян көшбасыдан 2 минут 08,4 секунд кейін қалып, 35 минут 57 секундтық нәтиже көрсетті. Оның жерлесі Сергей Наумик 40 минут 06,5 секундпен 58-ші орынға табан тіреді.

Бірінші және үшінші орындарды француздар Мартин Фуркад пен Жан Гийом Беатрикс иеленді, екінші орында — чех Ондржей (Ondrej)  Моравец. Марафонға барлығы 60 спортшы қатысады.

0
0
255