Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Бүгін Сочидегі Олимпиадалық ойындарда жеті медальдар жиынтығы сарапқа салынады

Бүгін, сейсенбі күні жеті жиынтық олимпиадалық медальдар сарапқа салынады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

11 ақпанда биатлон, шаңғы, фристайл, сноуборд, шаңғымен трамплиннен секіру, шана және коньки спортының өкілдері наградаларды сарапқа салады. Сондай-ақ сейсенбіде мәнерлеп сырғанаудан спорттық жұптар қысқа бағдарламамен өнер көрсетеді, әйелдер хоккей турының кезекті матчтары және ерлер мен әйелдер арасындағы керлингіден жарыстар өтеді.

0
0
359

Сочи ойындарының жүлдегерлеріне берілетін ең жоғарғы сыйақы Қазақстанда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан, Латвия, Италия, Беларусь, Эстония және Украина елдерінің Ұлттық олимпиада комитеттері Қысқы Олимпиада ойындарының медальдарына ие болған спортшыларына ең жоғары сыйақы береді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Алтын медель әкелген қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар сыйақы төленеді. Сондай-ақ күміс медаль иегері 150 мың доллар, ал қоладан алқа таққан спортшы 75 мың доллар көлеміндегі сыйақыға ие болады. Ал латвиялықтар алтын үшін 192,8 мың доллар, итальяндықтар — 189,8 мың, эстондықтар — 138,5 мың төлесе, украиндық спортшыларға бірінші орын үшін берілетін сыйақының көлемі125 мың доллар болып белгіленді. Ресей құрамасының спортшыларына алтын үшін 4 млн. рубль (шамамен 113,2 мың доллар) табысталады екен. Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және Хорватия спортшыларына…

0
0
370

Путин мен Медведев Сочиде шаңғы тепті

Ресей Президенті Владимир Путин мен Премьер-Министр Дмитрий Медведев Сочиде тау шаңғысын тепті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Медведев Мемлекет Басшысымен Сочидегі демалыс орындарында бірге түскен фотосуреттерді өзінің Instagram парақшасында «Сочи 2014. Горные лыжи:-)», деп айдар тағып жариялапты. Атап өтейік, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты өтіп жатқанда Медведевтің ұйықтап қалғанын бірнеше БАҚ өкілдері жұртшылыққа жарыса жариялап, көрсеткен болатын. Олимпиада ойындары тізіміне енді ғана қосылған команда болып өнер көрсету аталымы бойынша ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медалдарын салды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұған дейін тағы бір ресейлік Ольга Граф есімді спортшы конькимен жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Дәл қазірге д…

0
0
246

Қысқы олимпиаданы өткізудің ресейлік тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы — ҚР спорт баспасөз қауымдастығының президенті

CОЧИ. ҚазАқпарат — Осы күндері 52 қазақстандық спортшы Ресейдің курортты қаласы — Сочиде ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуда. Қазақстанның спорттық баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Сочидегі Ойындардың алдындағы ойындардан немен ерекшеленетінін және бізге ұлттық құрамадан қандай нәтижелер күту керектігін айтты. - Бізде қысқы спорт түрлері бойынша спортшылардың аздығын және спорттың осы түрлерінің жаңа дамып келе жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін қысқы Олимпиада ойындарына қатысудың қандай маңызы бар? - Егер біздің хоккей командамыз лицензия ала алғанда, құрамамыздағы спортшылар саны қазіргіден көп болар еді. Бірақ 52 адам да аз емес. Мысалға алсақ, олипиадалық дәстүрге бай Франция командасы да осынша мөлшердегі спортшымен…

0
0
419

Бокс: Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын мен екі күміс еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бокстан «Иштван Боскай Мемориалы» атты 58-ші халықаралық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының барлық бес мүшесі олжалы болды. Олар 3 алтын мен 2 күміс медаль иеленді. Осы арқылы командалық есепте қазақстандық спортшылар екінші орынға жайғасты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды. Әділет Құрметов (52 келі), Ержан Ордабаев (56 келі), Асланбек Шымбергенов (64 келі) алтыннан алқа тақса, күміс жүлде Ержан Жомарт (49 келі) мен Нұрдәулет Жармановқа (81 келі) бұйырды. Айта кетейік, А. Шымбергенов турнирдің үздік былғары қолғап шебері атанды. Командалық есепте қазақстандық боксшылардың алдына тек турнир иелері ғана шықты. Олардың атынан сайысқа 30 спортшы шықты. Ал барлық 10 салмақ дәрежесінде тартысқа түскен ресейліктер үшінші орыннан кө…

0
0
245

Федерация Кубогында Юлия Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысын тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация Кубогы аясындағы матчта Индонезия өкілі Лавинии Танантені айқын басымдылықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан намысын алғаш рет қорғап отырған Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысына мүмкіндік бермеді. Ойын 6:2, 6:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Осылайша, әзірге Қазақстан 1:0 есебімен Индонезияны ұтып келеді. Келесі кездесу Ярослава Шведова мен Вита Тахер арасында өтпек. Федерация Кубогының Азия/Мұхит аумағындағы матчтары Астанада 8 ақпанға дейін өтеді. Келесі кезеңге берілер жалғыз жолдамаға 7 мемлекеттің құрамалары таласады. Қазақстан Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен кездеспек. Қазақстан намысын Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева қорғайды. Федераци…

0
0
214

Сочи Олимпиадасында Ту ұстаушы Ердос Ахмадиев: Маған осындай сенім білдірілгеніне алғысым шексіз

АСТАНА. ҚазАқпарат — Санаулы сағаттан кейін төрткүл дүние көз тіккен Сочи олимпиадасының алауы тұтанады. Бұл дүбірлі додада ел намысын 52 отандасымыз қорғайды. Ал Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның Көк Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады. Соған орай, өзгелерден артық жауапкершілік жүктелген, бүгінде ұлттық құрамамен бірге Италияда жаттығып жүрген шаңғышымен тілдесудің сәті түсті, деп жазады alaman.kz. «Әрине, еліңнің байрағын ұстап, топ бастап шығу — үлкен бақыт. Шынымды айтсам, бұл жаңалық мен үшін күтпеген жайт болды. Алғашында бапкерім «Туды сен ұстап шығуың мүмкін» деді. Сол кезде үміткерлердің қатарына қосылғанымның өзіне қатты қуанып едім. Кейін Ұлттық шттатық командалар дирекциясынан арнайы хабарласып, менің Ту ұстайтынымды айтты. Ал, ол кездегі ішкі сезімді сөзбен ж…

0
0
385

Дэвид Бекхэм футбол клубын құруды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм АҚШ-та футбол клубын құратынын мәлім етті, деп хабарлайды Би-Би-Си. Бекхэм өткен аптада Майами мэрімен кездесіп, жаңа клубтың стадионын салу мәселесін талқылады. Ағылшын футболшысының әзірге атауы жоқ клубы 2017 жылы Американың басты соккер лигасында (MLS) ойнайтын болады. «Мен өзім үшін жеке команданы құрғым келеді. Бұл қала футболға дайын және біз үлкен жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенемін. Біз миллиондаған халықтың көзайымына айналатын футбол клубын құрудамыз», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда, мұнда әлемдік атаққа ие футболшылар ойнайтын болады. Сонымен қатар мұнда легионерлерді ғана емес, өз футболшыларын жаттықтыратын академия құрылмақ. Айта кетейік, Д.Бекхэм 2007-2012 жылдар аралығында MLS чемпионатында о…

0
0
273

Бүгін Сочиде байрақты бәсеке басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Ресейдің Сочи қаласында  ХХІІ Қысқы олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі додаға әлемнің 90 мемлекетінен 3000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спорт әлемі үшін үлкен мерекеге айналатын Сочи-2014 Олимпиадасында спорттың 15 түрінен 98 медаль ойнатылады. Төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеде ел намысын 52 отандасымыз қорғайды.

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын қазақстандықтар «Хабар» және «Қазспорт» телеарналары арқылы тамашалай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында ел құрамасының туын алып жүру құрметіне шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев ие болып отыр.

0
0
392

«Тараз» командасы эстониялық ойыншымен толықты

Футболдан Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін «Тараз» командасы эстониялық жартылай қорғаушы Мартин Вункты өз қатарларына қосты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Ойыншымен клуб жетекшілері осы жылдың соңына дейін келісім-шартқа отырған. Бұл ойыншы жанкүйерлерге таллиндік «Флора» командасының қатарында өнер көрсетіп жүргенде жақсы танылған. Ал, 2011 жылы швециялық «Сюрианска» , одан кейін кипрлік «Неа Саламина» командалардың намысын қорғаған. Эстония құрамасының сапында Мартин 2008 және 2012 жылдары арасында өнер көрсетіп, 46 ойында бір нәтижелі соққымен көзге түскен. Айта кетейік, ертеректе жамбылдық команданың сапын голландиялық екі бірдей ойыншы Десли Уббинк және Сигурни Банджар толықтырған еді. Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/football/taraz-ko…

0
0
380