Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді
Биыл бірінші лигадағы командалардың саны бір ұжымға қысқарып, 15 болды. Атап айтқанда, алдағы маусымда ел чемпионатының бірінші лигасында мына командалар додаға түседі:
«Восток» (Өскемен), «Ақжайық» (Орал), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қызылжар» СК (Петропавл), «Каспий» (Ақтау), «Астана-1964″ (Астана), «Қыран» (Шымкент), «Жетісу-Сұңқар» (Талдықорған), «Гефест» (Қарағанды), «Екібастұз» (Екібастұз), «Болат»» АМТ (Теміртау), «Лашын» (Қаратау), «Бәйтерек» (Астана), «Мақтаарал» (ОҚО, Мақтаарал ауданы), ЦСКА (Алматы).
Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биыл ел біріншілігіне Алматы облысынан тек бір команда ғана қатысады. Ол – «Жетісу-Сұңқар». Ал былтыр бұл облыстан екі команда додаға түскен: «Іле-Сәулет» және «Сұңқар». Биыл «Сұңқар» премьер-лигадағы «Жетісу» клубының қанатының астына өткендей.
Бірінші лига додасы әдеттегідей екі айналымдық жүйе бойынша өтеді. 6 сәуірде басталып, 8 қарашада мәресіне жетеді.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/football/futboldan-brnsh-liga-kuramyi-bektld-811/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

