Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жән…

