Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қырғызстан Үкімет басшысы Қазақстан Елшісіне алғыс айтты

Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Джоомарт Оторбаев Қырғызстандағы Қазақстан Елшісі Бейбіт Исабаевты оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Үкімет басшысы Б.Исабаевқа қазақ-қырғыз қарым-қатынасын дамытуға көп жылдан бері үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты.
«Бұл уақыт аралығында екіжақты маңызды мәселелер шешіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылды. Соңғы бір жылда екі ел арасындағы сауда айналымы да жақсы нәтиже көрсетіп, 1 млрд. долларға жетті», - деді ол.
Д.Оторбаев Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу үдерісіне көрсеткен көмегі үшін және Кеден Одағына қосылудағы жол картасына қажет ұйымдастырылған іс-шаралар үшін Қазақстанға алғысын жеткізді.
Сонымен қатар, ол Б.Исабаевты Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалуымен құттықтап, ісіне сәттілік тіледі.
ҚазАқпарат

Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Джоомарт Оторбаев Қырғызстандағы Қазақстан Елшісі Бейбіт Исабаевты оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен. Кездесу барысында Үкімет басшысы Б.Исабаевқа қазақ-қырғыз қарым-қатынасын дамытуға көп жылдан бері үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты.

«Бұл уақыт аралығында екіжақты маңызды мәселелер шешіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылды. Соңғы бір жылда екі ел арасындағы сауда айналымы да жақсы нәтиже көрсетіп, 1 млрд. долларға жетті», - деді ол.

Д.Оторбаев Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу үдерісіне көрсеткен көмегі үшін және Кеден Одағына қосылудағы жол картасына қажет ұйымдастырылған іс-шаралар үшін Қазақстанға алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, ол Б.Исабаевты Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалуымен құттықтап, ісіне сәттілік тіледі.

ҚазАқпарат

0
0
430

Осы тақырып бойынша

Қырғызстан Үкімет басшысы Қазақстан Елшісіне алғыс айтты - Yvision.kz