Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

1 сәуiрге дейiн алғашқы 1357 жалға берілетін пәтер үлестiрiледi — вице-премьер

1 сәуiрге дейiн алғашқы 1357 жалға берілетін пәтер үлестiрiледi. Бұл туралы бүгiн "Бәйтерек" холдингiнiң қоғамдық кеңесiнiң отырысында ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiм еттi. Жыл соңына дейiн жалға беру мақсатында пәтерлердi сатып алу және құрылысын жүргiзу бойынша ай сайынғы жоспарлар жасалды. Наурызда алғашқы 1357 жалға берілетін пәтердi Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай және Семей қалаларында пайдалануға беремiз. "Бәйтерек" холдингi аталмыш пәтерлер бойынша келiсiмшарттар жасады және жергiлiктi органдарға пәтерлердiң мағлұматтарын жiбердi. Әкiмдiктер соған орай, үмiткерлердiң қорытынды тiзiмiн жасап бiтуi тиiс. 20 наурыз және 1 сәуiр аралығында бiз 1357 пәтердi үлестiрiп бiтуiмiз керек", - дедi ол. Оның сөзiне қарағанда, биыл арендалық мақсатқа 78,7 мл…

0
0
223

Сенатор 2-3 мың студенті бар университеттерді жабуға кеңес берді

Бүгінде 2-3 мыңдай ғана студенті бар қазіргі «университеттерді» статусынан айырып, тиісінше академиялар, институттар қылып қайта құру туралы Заңдарға толықтырулар мен түзетулар енгізу керек. Мұндай ойды бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты. «Еліміздегі 17 млн халыққа 127 жоғары оқу орыны білім беруде, олардың 72-сі жекеменшік. Жоғары білім беру саласы ең мықты дамыған Ұлыбританияда 63 млн халыққа небары 89 ЖОО бар. Сондықтан біз ЖОО саны жөнінен әлемнің алғашқы ондығына кіреміз, ал сапасы жөнінен ойланатын мәселе өте көп», - дейді ол. Депутаттың айтуынша, дамыған мемлекеттерде жоғары білімді мамандар қанша керек, қай салаға қажет деген мәліметерді зерттеп, реттеп отыратын арнайы институттар жұмыс жасайды. «Ал біздің елімізде ондай қызмет әзірге жоқ…

0
0
183

Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан елдер қатарында 11-ші орынды иеленді

Bloomberg агенттігі жариялаған зерттеуге сәйкес алдағы екі жылда Азия және Африка елдерінің экономикасы олардың еуропалық немесе американдық көршілеріне қарағанда тезірек дамиды. Экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан топ-20 елдің қатарына негізінен Азия және Африка елдері кірген. Бұл рейтингте 11-ші орын Қазақстанға бұйырды. Аталмыш рейтингте Қытай көш бастап тұр. 2015 жылы бұл ел экономикасының өсімі 7 пайызды құрауы мүмкін, деп жазды Bloomberg. Филиппин мен Кения рейтингте екінші және үшінші орындарға жайғасты. Жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына және тұрғындарының 40 пайызы кедей болғанына қарамастан, зерттеу көрсеткендей, биыл кениялық экономика 6 пайызға өсуі мүмкін. Рейтингтің алғашқы бестігіне Үндістан мен Индонезия да кірді. Ағымдағы жылы әлемдік ЖІӨ 16 пайызын құрайтын Қытай, Ф…

0
0
988

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу басталды

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. «Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады», - деді ол. Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. «Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», - деді Қ.Тұрғанқұ…

0
0
267

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. Президент сайлауын жүргізуге қаражат республикалық бюджеттен бөлінетіндігін атап өткен ол: «Сонымен қатар президенттікке кандидаттар үгіт науқанын жүргізу үшін сайлау қорларын құруға құқылы. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің, азаматтар мен ұйымдар ерікті түрде көрсететін қаржылай көмекпен құрылады. Әрбір кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс», - деді. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша ел азаматтарына президенттік сайлауды жеткізу мақсатында…

0
0
318

«Нұр Отан» партиясы елдегі саяси күш ретінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдайды

«Нұр Отан» партиясы елдегі саяси күш ретінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті. Оның атап өтуінше, бүгін партия саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда саяси шешім қабылданған. Б.Байбек партия мәлімдемесін Қазақстан халқына жария етті. «14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі 2015 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама көтерді. «Нұр Отан» партиясы елдегі саяси күш ретінде аталған бастаманы қолдайды. Бүгінде әлемде қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны таралып, күрделі геосаяси қысымның салдарынан жағдай шиеленісе түсуде. Дәл осы кезеңде тіпті әлемнің ең дамыған е…

0
0
924

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Отандық өнім нарықты қамтамасыз етпек

Сапалы дүниеге әрқашанда сұраныс жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ғана «Ақ жол» ЖШС шығаратын шұжық өнімдері бәсекеге қабілетті. Өз өнімімен ішкі нарықты толықтай жаулап алған кәсіпкер болашақта Астана мен солтүстік өңірлерін отандық ет өнімдерімен қамтамасыз етпек, деп жазады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Оған толық мүмкіндіктері де бар. Кәсіпорынға қажетті шикізат, яғни етті өздері дайындайды. «Халал әрі дәмі тіл үйірер шұжыққа деген сұраныс қазірдің өзінде жоғары», - дейді серіктестіктегілер. Шағын шұжық цехы соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Польшалық мамандар жаңа құралдарды басқарудың қыр-сырын жергілікті жастарға толық үйретіп кетіпті. Ашылғанына жылға тола қоймаған кәсіпорын өніміне қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Кәсіпорын 13 түрлі шұжық шығарады. Қуатты…

0
0
689

Оралмандар мәртебесі мен азаматтық алуына жеңілдіктер қарастырылады — Д. Арғындықов

Оралмандар мәртебесі мен азаматтық алуына жеңілдіктер қарастырылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоні және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов баяндама барысында оралмандарды тартудың қолданыстағы жүйесінде орын алған кемшіліктерге тоқталған болатын. Оның айтуынша, біріншіден, қолданыстағы заңнамада көшіп келген оралмандардың қоныстануына қатысты қатаң талаптар қарастырылмаған. Бүгінгі таңда қоныстанатын мекенжайды оралмандар өздігінен таңдайды. Бұл республика аумағында шеттен келген этникалық қазақтардың жүйесіз қоныстануына әкеп соқтырып отыр. Екіншіден, елге әкелу процедуларын ж…

0
0
339

Мемлекет басшысы: Ұлттық банкке сенбейтіндей еш негіз жоқ

Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкіне сенетіндігін атап өтті.«Ұлттық банкке сенбейтіндей менде еш негіз жоқ. Мен өткен жолы да ескерткен болатынмын, қазіргі өткір кезеңде түрлі арандатулар, өсек-аяңдар, пәлеқорлықтың барлығы пайда әкелмейді. Біз оларды жауапкершілікке тартуымыз керек. Мен тағы да Қазақстан халқына жария етемін: біз ештеңені де жасырмаймыз. Қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және алда туындайтын мәселені ашық айтамыз», - деп тоқталған Президент, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу бағытындағы қабылданып жатқан шаралар жайында баяндағанын атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы түрлі алыпқашпа әңгімелерге емес, ресми тұлғалардың мәліметіне сенім арту керектігін айтты. Сөз соңында Е…

0
0
244