8 наурызда қазақстандықтар үш күн демалады

Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады.
Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілетін Халықаралық әйелдер күнінде азаматтар үш күн - 7, 8 және 9 наурызда демалады. 8 наурыз жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі - 9 наурызға шегеріледі.
21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында 5 күн демалатын болады.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» ҚР Заңына сәйкес мереке аптаның демалыс күндеріне дөп келсе, демалыс күні мейрам күнінен кейінгі жұмыс күніне шегеріледі.
ҚазАқпарат
