Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Лондонда футболдан Олимпиада чемпионы Б.Артаев атында турнир өтті

 

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев кубогына арналған студенттер арасындағы футбол турнирі таяуда Лондонда өтті.

Бұл - осымен екінші мәрте өтіп отырған шара. Бұл турнирге әбден жаттыққан 16 команда келді. Тартысты ойын көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шыға білді. Жасыл алаңдағы ең үздік ойын Бристоль мен Лондонның университеттік колледж командалары арасында өтті. Сайыстың соңғы сәттерінде 2:0 есебімен жеңіліп жатқан лондондықтар қарсыластарынан жеңісті жұлып алып, 3:2 есебімен жартылай финалға жолдама алды. Қатарынан 3 гол соғып, командаға жеңіс сыйлаған шабуылшы Назар Өтеғұловтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол төрешілер тарапынан да жоғары бағаланып, «Турнирдің үздік ойыншысы» атағына ие болды.  

Турнирдің өтуіне мұрындық болған Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі мен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы еді. Әлбетте шара иесі - чемпион Бақтияр Артаев та командаларды қолдай келіпті. Спортшы мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, елден шалғай жүрген қазақстандық жастардың ауызбіршілігін бекем ететінін айтады. Еліміз үшін тарихи сәттің қарсаңында мұның аса маңызды екендігін алға тартады ойыншылар. 

Манчестер командасы еш күмәнсіз турнир жеңімпазы атанды. Финалда USL-ді 3:0 есебімен тізе бүктірген олар Артаев кубогын иеленді. Жанып тұрған жігер мен қажырлы еңбек сөзсіз өз нәтижесін берді. Себебі, дәл осы Манчестер командасының өкілдері сияқты бірде-бір спортшы өз ісіне беріле қоймаған шығар, сірә. Үшінші орын «Айран» командасына бұйырды. Ол негізінен Британияда жұмыс істеуге қалған университет түлектерінен жасақталған команда еді. Ал турнир иелері - Брунель университетінің шәкірттері 4-орынға табан тіресе де, қарсыластарына барынша қонақжайлық танытты.

ҚазАқпарат

 
0
0
313

Осы тақырып бойынша

Лондонда футболдан Олимпиада чемпионы Б.Артаев атында турнир өтті - Yvision.kz