Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысының әкімі Ниццада қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтты

Павлодар облысының әкімдігі Францияның Ницца қаласында терракт кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтары, Павлодар облысының тұрғындары - Панченко отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Хабарламада аймақ басшысы Болат Бақауов: «Франциядағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз және жараланғандардың жылдам сауығып кетулеріне тілектеспін», - деп, қайғыға ортақтасқан.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР СІМ Ниццада төрт Қазақстан азаматының қайтыс болғандығын хабарлаған болатын. Бақилық болғандардың қатарында павлодарлық отбасы бар: 60 жастағы Любовь Панченко, 32 жастағы Марина Панченко және екі жасар Сильвия.

0
0
263

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысының әкімі Ниццада қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтты - Yvision.kz