Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы орындалды
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Астана күніне орай Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» атты әннің клипінің премьерасын өткізді. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайдың айтуынша, Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы - осы әнге клип түсіру болған екен. «Корпорация Астана күніне арнап, жыл сайын бір-бір бейнебаян түсіруді қолға алғанбыз. Бұл 2013 жылы басталған үрдіс болатын. Тек қана таңдаулы, тек қана Астанаға арналған ең үздік шығармаға жылына бір-ақ рет бейнебаян түсіріп келеміз. Бірінші рет Ринат Гайсиннің «Астана - менің мақтанышым» атты музыкалық премьерасын ұсынған болатынбыз. Екінші жылы Айман Мұсақожаеваның «Әншілер академиясы» деген туындысына клип түсірдік. Биылғы клипті ерекше дарын иесі, қайталанбас әнші, керемет ұйымдастырушы, халықтың сү…
