Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

Сот жүйесінің болашағы

Елімізде сот жүйесі заман талабына сай жылдан жылға әрі жылдам дамуда, қазіргі таңда әр түрлі жаңа технологиялор қолданысқа енгізіліп келеді, яғни қағаз бастылық азайып, жұмысты атқару барынша тез болады деген сөз. Қазіргі қолданылатын технологияларды айтатын болсақ  мысалы:  барлық сот процестері  бейне жазбаға жазылып отырады, талап-арыздарды және арыздарды, шағымдарды, ұсыныстарды үйіңізден шықпай-ақ «сот кабинеті» арқылы беруге болады, сот істерін қарау кестелері мен 2014-2017 жылы аралықта шығарылған сот шешімдерінің барлығын  Жоғарғы соттың сайтынан алуға мүмкіндігіңіз бар.

Сот жүйесінің даму жолы және еліміздің сот жүйесінің даму жолындағы орындауды қажет ететін мәселелер ел басымыздың 100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында да айтылған болатын. Бүгінгі таңда аталған реформадағы мәселелер біртіндеп іске асырылуда.

Ұлт жоспарының 17-қадамында - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейтуге бағытталған. Енді аудандық сот судьясы қызметіне 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани қасиеттерге ие және репутациясы мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат осы салада, нақ осы сот ісінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс және кемінде 10 жыл заңгерлік салада істеген болуы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, судьялар жатқызылады. Сонымен қатар осы іспен етене жақын прокурорлар мен заңгерлер де кіреді.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Астана қаржы орталығы құрылуда. Оның аясында шетелдік инвесторлар үшін xалықаралық арбитраждық соты құрылатын болады.,

Елімізде сот жүйесі жылдан жылға дамығанын өз  басым қатты  қалаймын, елімізде сот жүйесінде соңғы жылдары жасалған реформаларға қарай отырып, еліміздегі сот жүйесінің болашағы жарқын екеніне күмәнім жоқ, бұл жасалып жатқан жаңалықтардың басты мақсаты азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қоғаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

   

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Н. Қалқабек.

 
0
0
129

Сот жүйесінде қолданылатын технологиялар

Сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот тарапынан 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап Төрелік ақпараттық жүйесі енгізіліп, төмендегі іс шаралар жүзеге асырылды. Олар: Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген интернет-ресурстары төрелік ақпараттық жүйесі, сот кабинеті сервисі, электронды шақыру қағаз, сот құжаттарымен танысу сервисі, SMS–хабарлама сервисі, талдау форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция. Сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе - Сот кабинеті - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез-келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды, шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және сот актісінің көшірмесін басып шығарып алуға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген. Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағаз бастылықтан босатуға септігін тигізеді. Тағы жаңашылдық бірі - талдау форумы электрондық сервисі. Форум, құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және тағы да басқа сот төрелігін атқару кезінде қажетті ақпараттардан тұрады. Талдау форумы сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді. Сот органдарымен Қазпошта АҚ ақпараттық жүйелерін біріктіру жүргізілді, сондай-ақ, Республиканың барлық жергілікті соттары мен облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі құрамына кіргізілді. Сот жүйесін аудио-бейне фиксацияның жетілдірілген жүйелерімен жабдықталды, сондай-ақ компьютерлер мен ұйымдастыру техникасымен жабдықтау бойынша жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында Сот кабинеті және Сот құжаттарымен танысу ақпараттық сервистері іске асырылуда. Сот құжаттарымен танысу сервисі сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сот құжаттарымен танысуға арналған. Сотқа талап арызбен жүгінген азамат оның тіркелгені туралы талон алады. Одан кейін электрондық хабарлауға келіскен жағдайда оның ұялы телефонына немесе электрондық поштасына оның арызы бойынша сот құжатының шыққаны және онымен сайт арқылы таныса алатындығы жөнінде логин мен құпия сөз көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, сот процесіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды жолдаудан бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады. Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS-хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисі де іске қосылған. Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді. Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Д. Досмағамбетов

 
0
0
837

Сот жүйесі даму жолында.

Елбасымыздың 100 нақты қадам ұлт жоспары атты реформасында сот жүйесіне аса зор назар аударылған,  сол реформада қозғалған мәселелердің бірі  сот отырыстарында аудио бейне тіркеуді қолдануды қолға алуды атап өтуге болады, яғни еліміздегі  барлық  сот отырыстары аудио және бейнеге жазылып отырады деген сөз.  Бұл не үшін керек десеңіз? Сот жүйесін   Аудио бейне тіркеу жүйесімен қамту еліміздегі тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімді арттыру үшін, қағазбастылықтан құтылу үшін, сот жүйесін халыққа ашық қылып көрсету үшін және озық технологиялар заманында заманның талабына сай жүру  үшін іске асырылған шаралардың бірі десек қателеспейміз.

Бұл жоба қолға алар сәтте әлемдегі басқада елдердің яғни Сингапур, Украина т.б мемлекеттердің тәжірибесі назарға ала отырып жасалған болатын.

Аудио-бейне тіркеудің тағы да бір артықшылығы, судья қылмыстық істі жүргізген сәтте айыпталушыны тасымалдаусыз,  сот отырысын қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік алады, яғни сот отырысын қашықтықтан жүргізу арқылы мемлекет қаражатын және уақытты үнемдеуге болады, күтпеген жағдайларыды болдырмауға септігін тигізетіні анық.

АБТ жүйесінің негізгі басымдығы, сот процестерін аудио- бейне тіркеу  арқылы процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады,

Сот жүйесінде аудио бейне тіркеу жобасынан бөлек, сот кабинеті сияқты тағы  басқа да  озық технологиялар қолданылып келеді және жылдан жылға жаңа технологиялардың заман талабына сай енгізілетіні анық.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы Г.Керимбекова

     
0
0
455

Конституция күні ұлттық мереке

Еліміздегі ең жоғары заңдық күші бар ата-заңымыз 1995 жылы тамыз айының 30-шы жұлдызында қабылданған болатын.

Ал 1993 жылдың 28-ші қаңтардағы қабылданған тұңғыш Конституция екі жылдай қолданылып, өз әлеуетін тауысқан болатын. 1993 жылы қабылдаған Конституция – тарихи маңызға ие болғанымен, жаңа мемлектеттік қажеттіліктеріне жауап беретін құқықтық нормалар мен идеяларды тұжырымдаған жоқ. Сондықтан да жаңа конституцияны қабылдау ең өзекті мәселе болып, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз – Конституцияны қабылдадық, бұл ата-заңымыздың ерекшелігі бүкіл халықтық референдумда қабылданған болатын.  Жыл сайын 30 тамызда –Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді.

Ата Заңымызда «Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы-адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде және де Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып. Конституцияның қабылдануымен мемлекеттiк биліктiң пәрмендiлiгiн қамтамасыз еткен, маңызды әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi жүргiзудi жеделдетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген тетiк жасалды

Ата Заң біздің бүкіл жасап жатқан жұмыстарымыздың жоспарларымыздың қайнар бастауына айналды десе де болады. Конституция мызғымас еліміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары,  жарқын болашағымыздың  кепілі!

Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституцияны қабылдап  еліміз жаңа дәуірге қадам басты.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маман қызметкері  Ж.С. Еденбаева

 

Мұраны қабылдау ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1042 бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұраның ашылу уақытына қарай мұрагерлік істерді қарау кезінде соттар мұраның ашылу сәтінде қолданылып жүрген заңнаманы қолдануы тиіс.

Мысалыға, 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылған Казақ КСР Азаматтық кодексінің 542 бабына сәйкес, мұраны алу үшін мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап алты айдың ішінде мұра ашылған орын бойынша нотариаттық кеңсеге арыз беру арқылы мұраны қабылдауға немесе мұрагерлік мүлікті нақты басқаруға міндетті.

1999 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім 1072-2 бап) сәйкес, мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап, егер мұрадан бас тартпаса, мұра алу құқығынан айырылмаса және оны мұрагер деп тағайындау туралы өсиеттік өкімді тану салдарынан мұра алу құқығын жоғалтса, өзіне тиесілі мұраға немесе оның бөлігіне құқықты иеленеді.

2007 жылдың 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен Азаматтық кодекстің мұрагерлік мәселелер бөлігіне өзгерістер енгізіліп, мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін екендігі бекітілген.

Айтылғандар негізінде, мұраның ашылу уақытына қарай, сол кезде қолданыста болған заңның талаптары ғана қолданылуға тиіс.

Егер мұрагер мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгіну арқылы мерзімді қалпына келтіруге болады.

Заң талаптарына сәйкес, мерзімді қалпына келтіруге мынадай шарттар қажет:

-мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алу;

-мұрагердің мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде талап арызбен сотқа жүгінуі.

Егер де мұрагер сот алдында мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын анықтайтын тиісті дәлелдер ұсынса, сот мерзімді қалпына келтіре алады және мұраны қабылдады деп тани алады.

Практика жүзінде мұрагерлер өздерінің құқтарын білмеуі салдарынан заңмен белгіленген алты ай мерзімді өткізіп алатыны кездеседі.

Азаматтық кодекстің 1072-1 бабына сәйкес мұраны қабылдаудың екі тәсілі бар. Біріншісі - мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Екіншісі - егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе; мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе және өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

 

Алматы қаласы Жетісу

аудандық сотының судьясы                                                          С. Қанатбаев

   
0
0
1906

Қазақстан Жасыл экономиканы таңдайды.

 

«Экспо-2017» көрмесін өткізу мәртебесіне 2012 жылы Астана қаласына ие болған болатын, көрменің тақырыбы «болашақ энергиясы» болып табылады, бұл тақырыпты алу себебі баламалы энергия көзін дамыту,  дамыта келе қоршаған ортаға келетін зиянды төмендету және баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика» саясатын құру бағытын ұстанғандығына байланысты алынып отыр.

Көрмеге қатысатын барлық мемлекеттер өздерінің сарқылмайтын энергия саласындағы жеткен жетістіктерімен барша әлемді таныстырады.

Яғни қазақстанның жас мемлекет ретінде әлемнің экономика және технология жағынан алып мемлекеттермен қарым қатынас орнату арқылы, сарқылмайтын энергия көздеріне жатытын жел, су, күн энергияларын өндіру және ары қарай керекті технологияларды  дамыту үшін мол тәжірибе жинауға болады.  Жасыл эконмика негізінде қоршаған ортаға зияны жоқ технологияларды қолдану болып саналады, яғни қазіргі таңдағы экологияға зиянды көп зауыттар, көліктерді, экологияға зиянын тигізбейтін қылып құрастыру қолға алыну болып тұр.

Елімізде баламалы энергия көзін қолдану мүмкіндігі мол болғандықтан «жасыл экономика» саясаты қолға алынып отыр.  Мысалы: еліміздің көп бөлігін дала алып жатқанын және бұл даладаға желдің жылдамдығының жоғары екенін ескере  еліміздің дала бөлігінде  жел генераторларын орнатып, электр жарығын өндіруге болады. Республикамыздың орналасқан жердің климаты континентальды болғандықтан, яғни күн қатты ыстық болатынын ескерке отырып, күн батарейкаларын орнату арқылы энергия өңдеуге болады. Елімізде қоқысты қайта өңдеу зауыттары да тапшы, осы мәселені  жақсылап қолға алып,  зауыттар салынса, қалаларымыз едәуір тазарып және  экономикамыздың өсуіне зор ықпалын тигізетін еді. Электромобильдерді құрастыру арқылы және егер де халқымыздың көпшілігі электромобильге көшетін болса қалаларымыздың экологиясы тазаратыны айтпасада түсінікті.

Алматы қаласында электрді автобустарды ал Қостанай қаласында электромобильдерді шығару зауыттары іске қосылған, әрине бұл  «жасыл экономика» саясатының  қолға алынғандығын дәлелі..

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маман қызметкері

Ж.Б. Жолдыбай

0
0
116