Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

мемлекеттік тілдің даму жолдары

2018 жылдың қаңтар айының 26-шы жұлдызынында, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе қызметкерлерімен бірге «мемлекеттік тілдің даму жолдары» атты тренинг сабақ өткізілген болатын.

Тренинг мемлкеттік тілді дамыту және жақсырту, үш тіл концепцияны енгізу мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Іс-шара талқылау ретінде өткізілген. Талқылау кезінде бам маман Г.С. Керимбекова өз сөзінде үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетін ескертті.

Тренинг барысында қатысушылар латин алфавитіне кезең-кезеңмен ауысу және мемлекеттік органдарының рөлі мен іс жүргізу жұмысына байланысты сұрақтарды жан-жақты талқыланды.

Алматы қаласы Жетісу ауданық соты

0
0
1166

Осы тақырып бойынша