Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар.

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері спорт, мәдени, әлеуметтік салаларында қарқын даму үстінде, сол салалардың ішіне сот жүйесіде кіреді. Қазіргі таңда сот жүйесіне және Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға аса қатты көңіл бөлініп отыр, оған дәлел елбасымыздың «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында айқын көрінеді. Бүгінде Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті, атап айтқанда сот жүйесі озық технологиялермен қамтылған болатын, яғни барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Бейнетіркеу жүйесінің негізгі басымдығы сот отырысына қатысушы барлық тараптарды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады, бейнетіркеу жүйесі процесте өз қызметтік өкілеттіліктерін жүзеге асыратын судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жапқан немесе осындай жағдайлар болып жатса, белгілі бір кепіл бере алады.

Аудио-Бейне тіркеу жүйесінен бөлек басқа да жаңашылдықтар енгізілген болатын атап айтсақ «Сот қызметін сырттан бағалау» сауалнамасы – аяқталған іс бойынша судьяның, сот хатшысының, іске қатысқан мемлекеттік айыптаушының біліктілігіне баға беруге арналған «талдау форумы», «сот кабинеті» арқылы үйіңізден шықпай ақ талап арыз, апелляциялық шағымды, арыздар бере аласыз, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтынан «Сот актілерінің банкы » жүйесі арқылы 2010-2017 жылдары соттар шығарған заңды күшіне енген сот актілерін ала аласыз.

Жылдан жылға заманың талабына сай еліміздің сот жүйесі дамитын болады және заманауи технологиялардың бүгінгі күнде сот отырыстарын жеңілдетіп отырғаны байқалады.

Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі М.Кимелов

0
0
556

Осы тақырып бойынша