2018 жылдың қаңтар айының 25-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына аудандық сот судьялары, мамандары және «Медиацияны дамыту орталығының» РҚҰ өкілі Б.М. Абдураимов қатысқан болатын.
Жетісу аудандық сотының судьясы С. Қанатбаев дөңгелек үстел қатысушыларын ақпараттық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырды және «Сот кабинеті» «Төрелік» «Аудио-Бейне тіркеу» ақпараттық сервистерінің ерекшеліктерін көрсетті.
Бүгінде тараптарға өзінің өкіліне өкілдік беруге сенімхат ресімдеу үшін нотариусқа барудың қажеті жоқ, бар болғаны интернетке қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болуы керек. «Бүгін біз осы сервисті «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы арқылы iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында пайдалана аламыз», - деп түсіндірді С.Қанатабев.
Іс шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты