Медицина мамандары шет елде кәсіби шеберлігін шыңдады
30-дан астам шымкенттік дәрігер Түркияда біліктілігін арттырды.Түркияда ұйымдастырылған біліктілікті арттыру бағытындағы кешенді шараларға күнгейлік мегаполистің медицина ұйымдарындағы бейінді мамандар – акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, реабилитологтар, гематологтар, онкогематологтар, хирургтер, урологтар, травматологтар, неврологтар, эндокринологтар, кардиологтар мен онкохирургтер қатысты.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы Түркия мемлекетінің алдыңғы қатарлы мамандандырылған «Acibadem Healthcare Group Hospitals/ Acibadem University» орталығымен келісім-шарт жасаған. Ортақ келісім негізінде 32 медицина қызметкері біліктілігін арттырып қайтты.Дәрігерле…