Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Тоқаев ауыз сумен автокөлік жуатындарды сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ауыз суды автокөлік жуу мен бау-бақша суаруға кетірмеуге шақырды.

Фото: grandinstrument.ua-

Президент мұндай ысыраптың басқа ешқандай елде жоқ екенін айтты.

«Қазақстанда су тапшы. Бізге ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі ел бойынша бағдарлама қажет. Сіздер ауыз сумен бау-бақшаны суарады, көлік жуады және тағы басқасын істейді дейсіздер. Бұған қандай жағдайда да жол бермеу керек. Мұндай нәрсе ешбір елде жоқ. Су үнемдейтін технологияны қолдануға, суды үнемдеу мәдениетін ендіруге тиіспіз. Әрине, жаңадан жерасты бұлақтарын да іздеу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
212

Президент Алматыдағы сапарын футболдан бастады

Президенттің Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды.Фото: Ақорда сайтыҚасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. «Smart Football» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған.Footlab – спортсүйер қауымға, отбасылық демалысқа, балалар мен ересектер арасында турнирлер өткізуге арналған интерактивті футбол алаңы.Алматыдағы Footlab орталығы Португалияның франшизасын алған. Оның бас кеңсесі Лиссабонда орналасқан. Аталған жобаны танымал португал футболшылары Руй Кошта мен Криштиану Роналду 7EGEND инновац…

0
0
175

«Мектептерде қырғын жасаймыз». Telegram арқылы Ақтөбеге қатысты үрейлі ақпарат тарады

«Конец Актобе» деген Телеграм арнасы арқылы тараған хабарлама көпшілікті де, полицияны да дүрліктірді. Қазіргі кезде мектептердегі қауіпсіздік шарасы күшейтіліп жатыр.«Конец Актобе» телеграм каналында белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде террорлық акт жасайтынын айтып, хабарлама таратты. Қазіргі кезде бұл жерде тапаншаның фотосы мен видеосы, ашық қоқан-лоққа сөздер жазылып жатыр. Сонымен бірге алғашқы тізімге №21 және №27 мектептер алынғанын хабарлап, фотосымен бірге жариялады.«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сә…

0
0
267

Енді вейп үшін сотталасыз

Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастыратын заңды екінші оқылымда мақұлдады.Фото: missoffice.org-Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жаңа нормалар қарастырылған."Электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген", - деді мәжілісмен.Мәжіліс қабылдаған заң Сенаттың қарауына жіберілді. Одағылар да вейпке тыйым салуды қолдайды деп ойлаймыз."Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда мынадай жазалар қарастырылған:- Вейп сатқаны үшін ең үлкен жаза - 50 тәулікке дейін қамау.- Елге ә…

0
0
310

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аты ауыса ма?

Бұл сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіндегілер жауап берді.

Фото: Zakon.kz-

Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ААК өкілдері қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атын өзгерту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазір Астанағы әуежайдың атын, сондай-ақ үшәріптік кодын (NQZ – ред.) өзгерту комитеттің күн тәртібінде тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының үшәріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ға 2020 жылдың сәуірінде өзгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінен экс-президенттің есімімен қоса оның алдындағы ескерткіші де алып тасталған еді.

Сондай-ақ осы айда Алматыдағы «Алмалы» метро станциясынан Назарбаевтың фотопортреті алынып тасталғаны белгілі болды.

0
0
333

Алматыда бүгін түстен кейін тағы жер сілкінді

Бүгін күндіз Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды.

Жер асты дүмпуін Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБ және ЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:07-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінді таратылған хабарламада.

Соның әсерінен Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі сезілді.

0
0
549

Экология министрі елімізде киік атудың қашан тоқтайтынын айтты

Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев буаз киіктердің атылуына қатысты пікір білдірді. Фотоколлаж: uralskweek.kz-Бұған дейін ақбөкен ату науқанының арасында буаз жануарлар да кетіп қалып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты жауап берген Ерлан Нысанбаев бұл жағдайға қалыпты деп қайрайтынын аңғартты. «Аңдардың көбі қыркүйек пен қараша аралығында күйлейді. Дүниежүзінде жалпы аңшылық кезеңі көптеген аңдардың көбейетін кезіне дөп келеді. Біз биологиялық, ғылыми негіздеме аясында аңшылық жасап жатырмыз. Осы ақпанның 20-сынан бастап киік атуды тоқтатамыз», — деді ол.Министр киіктің өсімтал жануар екенін, 2025 жылы оның саны 4,5 млн бастан асатынын жеткізді.«Тек буаз киікті атып жатырмыз деуге болмайды. Онда елік атуды, бәрін тоқтатайық. Жалпы аңшылықты…

0
0
261

Алматыда түнде қалай жер сілкінгенін көрсететін видео тарады

Алматыда жер сілкінісі қалай болды?

Жер асты дүмпуінің Көктөбеден түсірілген видеосын мына жерден көріңіздер.

Еске салсақ, 23 қаңтарда сағат 00:09-да Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Соның әсерінен Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл, Жамбыл облысында 2-3 балл және Жетісу облысында 4 балл дүмпу сезілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттар мен құрылыстар қираған жоқ.

0
0
223

Алматыда екі рет жер сілкінуі сезілді

Алматыда жер сілікінісі қатты сезіліп, шошыған тұрғындар далаға шығып кетті.Фото: facebook.com/Асхат ҚасенғалиТөтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.Ал тұрғындар шошып, далаға шығып кеткен.https://www.fac…

0
0
211

"Долб...сың ба?" Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге оның өз тілінде жауап берді

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің "Қазақстанда орыс тілі қысым көріп жатыр" деген мәлімдемесіне қазақтың белгілісі де, белгілі емесі де жабылып жауап беріп жатыр. Бірақ соның сөзін сөз деп қайтеміз дейтіндер де бар.Ал Канделакидің өзі ақыл-ойын жоғалтқан мәңгүрт туралы айтатынды шығарыпты. Нақ осыған қазір Түркияда жүрген Бекболат Тілеухан ағамыз видео жазып, жауап берген. "Блогерлер мен қарапайым желі қолданушылары орыс тілін ығыстырумен айналысып жатпағанымызды айтып, жауап берді. Біз ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді лайықты орнына қайтаруға тырысып жатырмыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, бекеттерге, көшелерге, қалаларға қандай атау беру керегін әр елдің өзі шешуге құқығы бар. Бұған жауап ретінде ақыл-ойын жоғалтқан "мәңгүрт" туралы айта бастадыңыз. ...Сіз күллі қазақты мәңгүрт…

0
0
923