Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Науқасқа омбы қар кешіп жеткен ақтөбелік фельдшерлерді облыс әкімі марапаттады

Қарлы боранда омбы қар кешкен фельдшерлердің еңбегі еленді.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттады. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбаева, Қайрат Төлеуге өңір басшысы Алғыс хат табыстады. Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 2024 жылдың 7 ақпан күні жүрегі сыр берген науқасқа бармақ болады. Үш маман, көлігі қар басқан көшеге кіре алмай, жарты жолда жаяулатады. Боранды күні ұзақ жүруге тура келген. Медицина қызметкерлері бұл сәтті видеоға түсірген. Бірақ ол әлеуметтік желіде таралады деп ойламапты.«Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап…

0
0
228

Бізде жазушы жоқ. Халық жазушысы атағын кімге береміз? – Қанат Тілеухан

Жазушы Қанат Тілеухан тележурналист Жайна Сламбекке берген сұхбатында кәсіби тұрғыда әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ екенін айтты.«Қазір Қазақстанның Халық жазушысы деген атақ шығарды. Бірақ мен «бұл кеңестік дүние ғой, қаңсық нәрсе ғой, мен бұған қарсымын» деген мағынада айтып отырған жоқпын. Мен неге оған қарсымын? Өйткені бізде жазушылар жоқ. Біз оны кімге береміз? Қазір кәсіби түрде әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ. Мүмкін, Халық әртісін беруге болатын шығар. Ол сала дамып жатыр. Біз осы жоқ нәрселерді бар қылып көрсету үшін кей кезде атақ, марапат дегендерді ойлап шығаратын сияқтымыз», – деді Қанат Тілеухан.Ол тіпті Дидар Амантайдан кейін дені дұрыс жазушы жоқ дегенге келтірді.«Дидар Амантайдан кейінгі жазып жатқандар – бәрі әуесқойлар. Ал сіз ойлаңызшы қоғамда әуесқой…

0
0
455

Бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болған

Елімізде бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіліп жатқаны белгілі. Соған қарамастан жолға шығып кетіп жатқандарға полиция тағы да ескерту жасады.

"Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді. Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырамыз! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз!" - делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

0
0
144

Алматыда қалың қар жауайын деп тұр

Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар хабарлады.

Фото: baq.kz-

"Дүйсенбі 12 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге қалыңдығы 20 сантиметр қар жауады деп күтілуде. Бұл ақпандағы орташа айлық қардың 40 пайызы болғалы тұр", - деп жазылған хабарламада.

Басқармадағылардың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтері қар күреуге толық дайын екен. Дүйсенбі күні көшеге 600-ге дейін техника мен 1220 жұмысшыны шығару жоспарланған.

0
0
220

Жаңа Премьер-министр Президент берген тапсырмаларды орындауға кірісті

«Жұмыс қарқыны жоғары, ал талап қатаң болады». Осылай деген Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет алдындағы негізгі міндеттерді белгілеп берді.Бүгін Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.Қаржы-экономикалық блок министрлерін тыңдап болған соң, Премьер-министр бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті.«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек», — деді Олжас Бектенов.Cонымен қатар Премьер-министр Салық кодексінің жобасы…

0
0
173

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан қаза тапқан барлық адамның денелері табылды

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, Алматыдағы лай көшкіні салдарынан құлаған үйдің астынан 4 адамның денелері табылған.

Қаза тапқандар - 1984 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел жәе 2007 жылғы егіз жасөспірімдер.

Көршілерінің айтуынша, бұлар - бір отбасы.

0
0
115

Қызылордалық келіншек екі баласын Түркістанда өлтіріп, Шымкенттегі қонақ үйге барған

Күдіктіні іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Көршілес аймақтар мен мегаполистер бағыттамалар берілген.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстаған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді Мұрат Қабденов.

Айта кетейік, бір күн бұрын Түркістандағы жалдамалы пәтерден екі баланың денелері табылған еді. 31 жастағы келіншек үйдегі кикілжіңнен соң осы қалаға кетіп қалған екен.

0
0
177

Мәжіліс ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді

Парламент Мәжілісінің ғимаратына міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізілді.

Фото: almatydc.kz-

Мұндай қаулыны Президент Іс басқармасы медициналық орталығының бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева қабылдаған.

Жиындар онлайн-форматқа көшірілген. Онда да бетперде тағу режимін қатаң сақтау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирусқа шалдыққан болатын.

0
0
168

Алматыда үйлерді лай көшкіні басқаннан кейінгі алғашқы сәттің видеосы тарады

Алматыда лай жылжымасынан кейінгі алғашқы сәттің видеосы ғаламторға шықты.

Оны қазір іздестіріліп жатқан отбасының көршісі түсіріп алған.

(Видеода бейәдеп сөздер бар!)

0
0
175

Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен танысты.

Фото: ҚР ТЖМ

Досаев лай басқан үйдің тұрғындары ғимараттың ішінде қалып қойғанын айтты.

"Ең бастысы - іздеу-құтқару жұмыстары. Болжам бойынша осы үйде тұрған адамдарды іздейтін барлық мобилизациялық топтардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету керек", - деді әкім.

Көршілерінің айтуынша, үйде 4 адам тұрған.

Алматыда лай көшкіні болып, оның үйлерге жеткенін бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
255