Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қызылордалық келіншек екі баласын Түркістанда өлтіріп, Шымкенттегі қонақ үйге барған

Күдіктіні іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Көршілес аймақтар мен мегаполистер бағыттамалар берілген.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстаған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді Мұрат Қабденов.

Айта кетейік, бір күн бұрын Түркістандағы жалдамалы пәтерден екі баланың денелері табылған еді. 31 жастағы келіншек үйдегі кикілжіңнен соң осы қалаға кетіп қалған екен.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық келіншек екі баласын Түркістанда өлтіріп, Шымкенттегі қонақ үйге барған - Yvision.kz