Алматы әкімдігінде жер сілкінісіне қатысты басқарма құрылмақ
Алматы қаласының әкімдігінде екі жаңа басқарма құрылатын болды. Олар – сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы және қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы.Фото: azattyq.orgҚала әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың айтуынша, бірінші басқарманың негізгі міндеті - сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезінде өзін қалай ұстаудың базалық дағдыларына үйретуді ұйымдастыру, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестіру.«Аталған басқарманың жұмысы сейсмоаудит жүргізуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бірыңғай жүйесін әзірлеуге, сондай-ақ азам…





