Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Өзбек шенеуніктері айына бір рет қоғамдық көлікке отыратын болды

Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев «Автомобильсіз бір күн» атты қоғамдық жобаны қолдады. Бұл Ташкенттегі көлік қозғалысын аздап болса да қысқартуға бағытталған.

Фото: gazeta.uz

Осы шектеудің қоғамдық көлікке, сондай-ақ арнаулы және шұғыл қызметтердің машинасына қатысы жоқ.

Бұл жерде шенеуніктер жұмыс орнына қоғамдық көлікпен келу арқылы басқаларға үлгі көрсете білуі қажет.

Бұл жобаның толық, сапалы және мінсіз атқарылуына жауапты органдар – Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Көлік министрлігі және Ташкент хокимияты.

Осындай жағдай баяғыда бір Шымкентте болды-ау деймін... Ол кезде бір айлық шара болды ма, аса есте қалмапты.

0
0
392

Алматы балабақшасындағы оқиға төңірегіндегі мәселе жалғасын тауып жатыр

Алматыдағы бір балабақшада бүлдіршін басқа балалардан таяқ жеп, ауруханаға түсіп қалған еді. Енді оның ата-анасының полицияға шағымданғаны мәлім болды.

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті. 

«3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Kaz.inform.kz осылай деп хабарлап отыр.

Ал біз бұл туралы осылай жаздық.

0
0
407

Ғаламтордан көргенін істейтін шығар. Бүгінгінің балалары да қатыгез болып барады

Алматыдағы балабақшада бақылау камерасына түсіп қалған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда бір бүлдіршінді басқалары ұрып, тепкілеп жатыр.

Таяқ жеген баланың ата-анасының айтуынша, бұл жағдай 21 ақпанда болған.

«Біздің ұлымызды балалар аяусыз ұрып-соғып жатыр. Бұл жағдай үздіксіз 5 минуттай болды. Тәрбиеші жоқ. Ол өз шаруасымен кетіпті. Баламыздың миы шайқалып, ауруханаға жатып қалды», – деп жазады бейнежазбаны әлеуметтік желіге жолдаған ата-ана.  

Осыдан кейін тәрбиешіге қатаң сөгіс берілген. Осындайға жол бергені үшін оның барынша жазаланғаны дұрыс, әрине.

Бірақ бұл жерде басқа да мәселе бар. Құйтақандай балалар неге қатыгез болып кеткен? Үйдегі тәрбиеден бе, ғаламтордағы видеодан ба?  

Бейнежазбаны мына жерден көруе болады.

0
0
433

Коммуналдық қызметтер неге қымбаттай береді?

Елімізде жыл басынан бері коммуналдық қызметтердің тарифі орташа 20-25 пайыз өскен. Бүгін Ұлттық экномика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов бұл салада неге қымбатшылық болып жатқанын түсіндірді.

Оның айтуынша, негізі, баға қызмет саласына, аймақтарға қарай әртүрлі болып тұр.

«Кей тариф көбірек, кей тариф азырақ өседі. Кей өңірде көбірек, кей өңірде азырақ өседі. Егер бізге дені дұрыс сумен қамту жүйесі, дені дұрыс жылу жүйесі, сенімді энергетика жүйесі қажет болса, біз оған ақша салуымыз керек. Әрине, тариф өсе береді. Бірақ оның қаншалықты қарқында болатынын мен айта алмаймын», – деді Тимур Жақсылықов.

0
0
416

Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханадағы ұрып-соғу кадрлерін көрсетті

«Бейнежазба скриншоттары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын жариялауыма Бишімбаевтың адвокаттарының өтірік сөздері мәжбүрледі... Скриншоттарда оның Салтанатты теуіп те, ұрып та жатқаны анық көрініп тұр... Бишімбаевтың адвокаттарының сұхбатын көріңіздерші! «Ұрған жоқ» дейді. Бізде әр тұстағы камераға түсіп қалған видеолар бар. Онда ұрып жатқаны, теуіп жатқаны көрсетіледі. Медициналық сараптама қорытындысы бар. Онда сараптамашылар басының өзіне кемінде 13 соққы берілгені туралы ұйғарым жасаған!» – деп жазыпты марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында.Айта кетейік, былтыр қараша айында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған еді. Сұмдық оқиға Астанадағы мейрамханада болған.…

0
0
315

Суық күн шекара жақтағы жолдарда да көлік қозғалысының шектелуіне себепкер болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелген.
Бірақ қазір жағдай тұрақтандырылыпы.
Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:
- Қазақстан-Қырғыз учаскесі («Қарасу» өткізу пункті);
- Қазақстан-Өзбекстан учаскесі («Тәжен», «Қазығұрт» өткізу пункттері);
- Қазақстан-Ресей учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.
Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.
Көлік жүргізушілеріне қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылған.

0
0
266

Тоқаев Путинге тағы да қазақша сөйледі. Бірақ бұл жолы ешкім құлаққап іздемеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазан қаласында кеше басталған "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің қатысушыларына сәттілік тіледі. Ол көрші ел президенті Владимир Путинге қарата қазақша сөйледі. "Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сондай-ақ турнирдің ашылу рәсімінде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.Бұл ойындарға 107 елден 250 команда қатысады делінген. Жүлде қоры - 10 млн АҚШ доллары.Айта кетейік, өткен жылы қараша айында Тоқаев Пути…

0
0
763

Қасым-Жомат Тоқаев Ресейге барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
258

Ал керек болса! Кір жуатын ұнтақты да қолдан жасап жатыр

Шымкентте кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цех анықталды. Екі күдікті ұсталған.

Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған. 

Түркістан облысының ПД қызметкерлері тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады. Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді. 

Polisia.kz

0
0
156

Ермұрат Бәпи: "Бәлкім, "Отағасы туралы" заң қабылдауымыз керек шығар?"

Мәжілістің бүінгі жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи "Отағасы туралы" заң қабылдау керек-ау деген мағынада ой айтты.Өйткені, оның ойынша, бүгін бірінші оқылымда мақұлданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әкенің, ер азаматтың орнын сүмірейтіп жіберген сияқты. "Заң жобасы негізінде қазақстандық мүддені қорғайды. Бұл жерде анау-мынау, ұлыс деген жоқ. Бірақ, біздің назардан шығармайтын бір мәселе бар. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамын қазақ құрайтынын білеміз. Осы тұрғыдан келгенде мына жерде отырғандардың көпшілігі «әкең келе жатыр», «әкең келсін», «әкең сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыдан келгенде әке…

0
0
197