Тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтірген ер адамға қатысты тың мәлімет шықты
Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен жаншып, онымен қоймай, үстіне шығып тепкілеп өлтірген ер адам 15-қабаттан секіріп кетпек болыпты. Сол сәттің де видеосы тарады.

"Меркур Таун" тұрғынүй кешенінде күзетшіні көлігімен жаншып, кейін шалажансар адамның басына шығып ыршылаған күдікті суицид жасамақ болған екен. Ол өзі тұратын осы элиталы үйдің 15-ші қабатынан секіріп кетпек болғанда полицейлер ұстап алған. Қазір қамауда. Жасы шамамен 45-те екен. Аты-жөні - Асхат Тастандиев. Бұл мәліметтерді осы үйде тұратын тұрғындар жіберді. Басбұзар бұған дейін де осы үйдегі Лена деген диспетчер қызды ұрып тастаған. Тіпті бірнеше рет наркологияға жатып шыққан дейді танитындар. Бір сөзбен айтқанда байдың ерке баласы. Өйткені ең қымбат саналатын "Самал" ықшамауданынан анау-мынау пәтер сатып ала алмайды", - деп жазған Диас Нұрақын.
Видеоны мына жерден көруге болады.
