Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Алматыда орталықтағы саябақтың жері жекеменшіктен қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды.

inform.kz

Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 г. жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды. Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді. Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

https://t.me/GenPr

0
0
332

Жетекші елдердің сауда қатынасының шиеленісуі әлемдік экономика үшін қауіпті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр.Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті."Осы онжылдықтың ортасына қарай жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылда ең төменгі деңгейге түсетіні айқы…

0
0
192

Су басқан ауылдардан адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр

Төтенше жағдай қызметінің мамандары 37 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды.

Бүгін Қостанай облысының Қызыл Жұлдыз ауылында ТЖД күштерімен, 52859 ә/б жеке құрамымен және ЖАО-мен халықты эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақыт бойынша 37 адам, оның ішінде 18 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда.

0
0
279

Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды. Бұл оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған. Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған. Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

0
0
294

Алматыда алиментін төлемей қойған тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау шеңберінде, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында Наурызбай ауданы прокуратурасы ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Яғни бұл балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты.Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі дәлелденді. Сонымен қатар борышкердің үш айдан астам уақыт бойы алименттерді төлеу бойынша өз міндеттерін қасақана орындамағаны, төлемнен жалтару мақсатында өзінің нақты табысын саналы түрде жасырғаны, осыған байланысты екі миллион теңгеден астам берешек пайда болғаны анықталды.11.03.2024 жылы Алматы қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы О.Е.Ю. ҚР ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінә…

0
0
217

Ақтөбе облысында су басқан ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

Еліміздің Төтенше жағдай министрлігінің құрылымдары су басқан елді мекендерден адамдарды алып шығу ісін жалғастырып жатыр.

Осы сәтте Ақтөбе облысының Қанай ауылында жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Мұның себебі - еріген сулар мен жауын-шашынның көп болуы.

Айта кетейік, АҚО (Азаматтық қорғау органдары) қызметкерлері мен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері жүзу құралдарының көмегімен азаматтарымызды қауіпсіз орындарға жеткізеді.

t.me/qr_tjm

0
0
240

Қостанай облысында 2 тұрғын криптовалюта арқылы заңсыз 1 млн 350 мың доллар тапқан

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі іс қозғады.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілді. Клиенттерді енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасады, ол арқылы кез келген адам криптовалюта айырбастауына өтініш бере алады. Аталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин…

0
0
249

«Крокус» лаңкестеріне пәтерін жалға берген азамат қамауға алынды

Мәскеудің Басман соты «Крокус Сити Холдағы» лаңкестік әрекет бойынша сегізінші күдікті Әлішер Касимовты екі айға қамауға алды.

БАҚ-тың мәліметі бойынша, 32 жастағы Касимов – Қырғызстанның тумасы. Ол төрт лаңкеске пәтерін жалға берген. Ал лаңкестер баспананы терактіге дайындық жасауға пайдаланған.

Әлішер Касимов лаңкестік әрекетке дайындық туралы ештеңе білмегенін, тіпті пәтерінде қылмыскерлер тұрады деп еш ойламағанын айтқан. Ал баспананы жалға «Авито» сайты арқылы беріпті.

0
0
272

Ертең экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер іріктеледі

Осы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы жасақталады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

0
0
322

Барлық ел өзара қайшылықтарға қарамастан терроризмге қарсы күресте күш біріктіруге тиіс - Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнске ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Американың ынтымақтастығы дәстүрлі түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қатынастарда парламенттік дипломатия маңызды рөл атқаратынын айтты.Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президенті елімізде инвестиция тарту, экономиканы ырықтандыру және өнеркәсіпті дамыту ісіне ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, энергетика, пайдалы қазбаларды барлау әрі өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салалар қазақ-американ қарым-қатынастарының негізгі бағыттары саналады.Сондай-ақ халықаралық және өңірлік қ…

0
0
295