Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Жылқылар су құрсауынан құтқарылды

Атырау облысында 80 жылқы құтқарылды.
Жайық өзенінде Қайыршақты ауылдық округінің шаруа қожалығының жылқылары су құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар жануарларды суға батып кетуден аман сақтап, қауіпсіз жерге айдады.

t.me/qr_tjm

0
0
536

Сексуалдық қызметті интернет арқылы ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Фото: incrussia.ruБұл құжаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.Заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға телекоммуникация және интернет желісін қолдану жайы енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 13…

0
0
493

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы баратын болды

Тоқаевтың тапсырмасы солай.

undefined

Фото: © Sputnik

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады", - деп жазды t.me/mazhilis_kz.

Айта кетейік, Иран президенті бейсенбі күні туған қаласы Мешхедте жерленеді. Ал кеше Тебризде Раисимен және онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті.

0
0
573

Президент Маңғыстау облысының жаңа әкіміне маңызды міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді:      – өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды;      – туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс;Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсыр…

0
0
407

ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан аса шешімге қол қойылды

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды.

"Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға қатысты болды", - деді ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин.

Сондай-ақ жиында Беларусьті Ұйымға қабылдау жайы пысықталды. Бұл ел ШЫҰ-ға жақын арада кіруі тиіс.

Қазір ШЫҰ құрамында 9 мемлекет бар. Олар - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкстан, Ресей.

0
0
313

Су тасқыны болған аймақтарда 900-ге жуық жаңа үй салынады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді.Олжас Бектеновтің баяндамасында мына жайттар айтылды:- су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр;- қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр;- 20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған;- Солтүстік Қазақстан…

0
0
372

Атышулы "Айка тізімінің" авторы сотталды

Алматыда атышулы "Айка тізімінің" авторы, блогер Love Айкаға қатысты сот үкімі шықты.

undefined

Аталған "тізім" өткен жылдың желтоқсан айында елді шулатқан еді. Онда қымбат жезөкшелерге баратын адамдардың аты-жөндері жарияланған делінді.

Енді сол Мырзахметова немесе Love Айка сыбайласы Т. деген азаматпен бірге сотталды.

Айка заңсыз есірткі айналымы және жезөкшелер ордасын ұйымдастырғаны үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Т. жезөкшелер ордасын ұстағаны үшін 3 жыл 8 айға сотталды.

Мырзахметова 2020-2023 жылдар аралығында Т-мен бірге қыздарды ақша үшін интимдік қызмет көрсетуге жұмсап отырған. Өздері содан пайыздық үлес алған.

Айка кінәсін ішінара ғана мойындап, сол ісіне өкінетінін айтты. Ал Т. кінәсін мойындаған жоқ.

t.me/CentralMediaNews

0
0
452

Павлодарда ірі есірткі лабораториясы жойылды (видео)

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндіріс орнын жою бойынша операция жүргізді.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

undefined

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

0
0
328

Алматы облысында азық-түлік балаларды қолдау орталығына өте жоғары бағамен сатылып келген

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орта…

0
0
380

Үкімет басшысы әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездетуді тапсырды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарының барысы жөніндегі тапсырмаларын орындауға қатысты кеңес өткізді. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша зардап шеккен өңірлердің әкімдері мен министрлердің баяндамасы тыңдалды. Еліміз су тасқынының қауіпті кезеңінен өтті. Қазіргі сәтте Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейінің сақталуына байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жалғасып жатқан өңірдегі ахуал туралы баяндады. Жағалауларды нығайту бөгеттерінің бойында (ұзындығы 520 км-ден астам) тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл ретте, Атырау облысының су тасқыны жағдайы тұрақты аудандарында зардаптарды жою…

0
0
299