Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теннис ойынының елімізге әкелер пайдасы

Теннис ойындары бұрындары тек қана ақсүйектердің ойыны болып саналып келді. Бірақ уақыт өте келе теннис ойыны барлығына да қол жетімді болды. Теннис ойындары басқа спорт түріне қарағанда, мәселен футбол, миллиондаған стадион көрермендерді жинамайды және танылуы да аздау, бірақ бұндай жағдай оның пайда болу уақытынан бастап орын алған. Кішігірім стадионды көбіне қызығушылық танытқан адамдар ғана толтырады.

Елімізде теннис ойының дамыту стратегиясы 2008 жылы аталып, басшылықтың қолдауымен басталып кетті. Стратегияның ең бастапқы қадамы болып инфрақұрылымды дамыту, яғни арнайы спорт кешендерін, корттар салу. Бұл мақсат жүзеге асты, он жыл ішінде елімізде 184 корт салынды. Барлығы дерлік халықаралық стандартқа сай және жоғарғы деңгейдегі жарыстар ұйымдастыруға мүмкіншіліктері бар. Еліміздегі Теннис Федерациясы әлемнің үздік академияларымен бірлесіп жұмыс жасайды.

Қазақстан Теннис Федарациясынан бөлінген қаражаттар мен жасалынған жоспарлар өзін ақтауда. Дәлел ретінде, 10 жылдың ішінде Қазақстан Теннис Федерациясы екі мыңнан астам республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлер өткізген, спортшылармызда жарқын жеңістерге де ие болды. Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева, Зарина Диас сынды республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары еліміздің абыройын асқақтатуда. Біздің құрама алғаш рет теннис кубогының әлемдік тобына шығып, 2013 жылы әлемнің үздік сегіз командасының қатарына енді. Қазақстанның “DAVIS CUP” кубогындағы жеңістерінің арасында 2014 жылы Олимпиада чемпиондарына, мықты командаларға, сондай-ақ 2017 жылы Аргентина құрамасына қарсы матчтары елімізге оразан зор пайда алып келді, еліміз танылды. Сондай-ақ еліміздің үздік теннисшілері мен әлемдік жұлдыздар Қазақстан аймақтарында шеберлік сыныптарын өткізеді, өз білімдерімен, еңбектерімен, теннис ойының қыр-сырымен бөліседі. Бұндай кездесулерде үздік әлем теннисшілерінің баға жетпес тәжірибелерімен бөлісуі арқылы өсіп келе жатқан жастардың, жас буынның, келешек чемпиондардың тыңбай еңбек етуіне, алға мақсаттар қоюына жетелейді. Спортшыларымызбен қатар жаттықтырушыларымызға да жағдай жасалынған. Олар өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі арттырып, міндетті білім мен сертификаттаудан өтеді.

Теннисті кәсіби спорт түрімен қатар, денсаулығын жақсарту мақсатында ойналатын спорт түріне жатқызуға болады. Көбіне егде жастағылар арасында көп ойналады. Мүмкіншілігі шектеулі жандарға осы спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылатынын атап кеткен жөн. Бұл спорт ойыны басқа спорт түріне қарағанда өте қауіпті спорт түрі. Тениисте ең басты құрал ол көздің қырағылығы, көзді қозғалту арқылы көз кемістігін жақсартуға болады. Бұл командалық ойын емес, онда тек қана бір ойыншы сондықтан, сол ойыншының ғана тактикасы арқылы жүзеге асатын ойын түрі. Теннис - әдемі, денсаулыққа пайдасы зор және ақыл-ой өрісін дамытатын, қырағылықты талап ететін спорт.

Теннис ойыны біз үшін дамушы спорт қатарына жатқанымен 10 жылдықта жасалған жұмыстар оңды нәтижесін беріп, еліміз басқа дамыған елдерден кем түспеуде. Бес немесе он жылдықтан кейін теннис спортының дамуы жарқын, болашағы зор болмақ.

Жалпы, спорт кешендерінің көптеп ашылуы, теннис, бокс, футбол және тағы да басқа спорт секцияларының ашылудағы негізгі мақсат: ол жастардың өз уақытын босқа кетірмей, дұрыс жолда жүруге баптау, жаман әдеттерден алшақ болуға шақыру, денсаулықты шынықтыру. Себебі болашақ дені сау ұрпақтың қолында. Келесі кезек ол спорт ойындары арқылы, халықаралық жарыстарға қатысып елімізді көрсету.

Дайындаған:

Аға оқытушы Сейдалиев Кенесары Наурзбайұлы

Студент Доғдырбайқызы Аружан

0
0
1382

Осы тақырып бойынша

Теннис ойынының елімізге әкелер пайдасы - Yvision.kz