Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Футболдың бүгіні мен ертеңі

Қазақта «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген сөз бар. Қазір бұл сөздің мағынасы ауысып кеткенді. Расыменде, ала доптың қызығын барлық әлем көруде. Ең көп жанкүйерлер қатары да аяқдоп өнерінің еншісінде. Осы спорттың арқасында көптеген мемлекеттер әйгілі болып, экономикасы және туризмі дамуда. Ал біздің елімізде осындай жағдай қашан орын алмақ? Биыл жазда көршілес Ресейде өткен әлем чемпионатына қатыса алмадық. Бұл қазақ футболының тарихындағы ең жақын әлем чемпионаты болған. Ресей төңірегінде ойнаған алпауыт футболшылардың қатарында өз еліміздің футболшылары қатыса алмағандығы өте өкінішті.

Алайда, елімізде футболды дамыту үшін көптеген, түрлі амалдар жасалды, жасалып та жатыр. Ең алдымен саны емес сапасы маңызды. Сол амалдар өз орнын тауып, оң нәтижесін беріп жатырғандары да бар. Чехия, Словакия сынды елдерден ұтып жатқан жайымыз да бар. Бірақ қазіргі футболымыздың даму барысын әләмнің басқа елдерімен салыстыруға мүлдем келмейді. Кейде еріксіз мүмкін футбол біздің қанымызда жоқ, бізге керек емес спорт түрі ме деп те ойлайсың?! Ондай шешім қабылдамай тұрып, қандай мәселер футбол ойынымыздың дамуына кедергі, соны қарастырсақ.

Қазақ футболындағы өзекті мәселелердің бірі: ұлттық құрамалардағы қазақ санын көбейту. Қанша дегенмен ұлттық рух пен намыс, осылар жеңіске жетелейді. Шетелдік спортшылардың жағдайын жасап, оларды шақырғанша, өзіміздің қаракөз қазақтармен жұмыс жасалу керек. Дайын асқа тық қасық болмау керек. Футбол ойындарының ойыншыларымен қатар жаттықтырушымен де дәл сондай жұмыстар атқарылуы тиіс.

Футболшыларымыздың физиологиялық және психологиялық дайындықтарымен қатар, рационына да қатты көңіл бөлінсе нұр үстіне нұр. Өздерінің арнайы диетологы, психолог мамандары болса да артық етпейді.

Тағы да өзекті мәселе ол халқымыздың футбол ойынына немқұрайлықпен қарауы деп есептеймін. Біздің қоғамда «футболшы» дегенді арнайы мамандық түріне жатқызудың өзі қиын. Көптеген ата-аналар балаларының футболшы болғанынан, мемлекеттік қызметкер болғанын қалайды. Жәй ғана қызығушылық, хобби ретінде қарауы футбол ойындарының дамымауына әсер етеді. Сондықтан, футбол ойынына заттық жағынан емес, рухани жағынан да дайын болуымыз керек. Әсіресе ауыл елді мекендерінде стадион, секциялар ашылып, солардың жұмыс жасауын қадағалайтын адамдар өз жұмыстарын адал атқарса, әртүрлі футболға қатысы бар шаралар өткізіліп, еліміздегі атақты футболшыларды, мықты жаттықтырушыларды жіберіп тәжірибе алмасып, жұмылдыра жұмыс жасаса шет елдің оқуынанда кем түспейміз деп ойлаймын!

Біз Кеңес одағының құрамында болғандықтан көптеген спорт түрлеріне көңіл бөлінбей қалды. Тәуелсіздікті алғанымызға 27 жыл болды. Елімізде тек қана ұл балдардың футболы емес, қыз балдардың да футболы өркендеу үстінде. «Ешқандай фильм мұнша дәл футболдағыдай көрермен тарта алмайды» - деген екен кеңестік режиссер, суретші Сергей Эйзенштейн. Бұл сөзге қазіргі әлем футболы дәлел бола алады. Осы жылғы футболдан әлем чемпионы болған Франция сол жеңісін 20 жыл күтті. Екінші орынға ие болған Хорват елі де әлемді бір таң қалдырып тастады. Әлі де кеше емес, қазақ футболы әрқашан жасай берсін! Біз Қазақ футболының дамуына сенеміз!

Дайындаған:

Аға оқытушы Сейдалиев Кенесары Наурзбайұлы

Студент Доғдырбайқызы Аружан

1
0
814

Осы тақырып бойынша