Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен тұлға

Бекзаттай қазақтың батыр ұлын білмейтін қазақ түгіл әлем жоқ шығар. Ол қазақтың бокс тарихындағы Сиднейден өткен XXVII олимпиада ойындарының чемпионы. Бекзат Саттарханов жүз қырық үш жекпе-жек өткізіп, оның жүз отыз екісінде жеңіске жетті. Ата-анасы күреске бергенімен, оның бокс өнеріне аңсары ауды. Ол талайын шаң қақтырған. Оның жұдырықтасу техникасы мен көз ілеспес аяқ қимылына жаһанның жуан боксшылары тәнті болып,талантына тамсанған. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман. Ол болмыс бітімі бөлек ұл еді. Бар жоғы жиырма жасында Олимп шыңын бағындырып, жиырма жасында құйрықты жұлдыздай жарқ еткен тұлға.

Оның Сиднейде жарқыраған сәті екі мыңыншы жыл болған. Ол кез тұрмыс қинаған күрделі шақ еді. Сол шақта Бекзат бастаған спортшыларымыз анау Австралиядан сыңғырлатып алтын мен күміс жаудырып, жұпыны көңіл жұртымыздың рухын асқақтатып, намысын жанып, елдің еңсесін көтерген еді. Ермаған мен Бекзат бастаған спортшыларды әуежайдан халық төбеге көтеріп қарсы алды, бастарыңа қолтаңба жаздыру үшін шаштарын арнайы тақырлап келгендер де болды. Елбасымыз Бекзат Саттархановқа тұңғыш рет бірінші дәрежелі “Барыс” орденің табыстады. Көз тидіме?, кім білсің?, дәл жиырмасыншы ғасырдың соңғы күнінде жиырма жасар чемпионымыздан айырылып қалдық. Желтоқсанның отыз бірінші күні жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Түркістаннан Шымкентке бағыт алған Бекзат автокөлік апатынан көз жұмды. Міне, Бекзатсыз да ортамыз ойсырағанға 18 жыл болыпты. Өмірі өнегеге толы Бекзаттай қазақтың мақтанышын сағынамыз,мақтан тұтамыз! Елшіл, еңбекқор, иманды ол осы қасиеттерді бойына жиғанды. Қазақ спорты үшін соның ішінде, бокс саласында өзінің қолтаңбасын қалдырған дара жан.

2000 жылы Бекзат Саттарханов атындағы спорт сауықтыру кешені ашылғаннан кейін, көшеде селтеңдеп жүрген Түркістанның талай жастары сол жерге бас сұғыпты. Қазір ол жерде Бекзаттың өкшесін басар талай жас шеберліктерін шыңдап жатыр. Оның енбекқорлығы, еліне деген сүйіспеншілігі, иманының беріктілігі талай жас пен кәріге үлгі тұтарлық.

Қазір елімізде бірден-бір дамыған қандай спорт түрі десе?, еріксіз бокс саласы есімізге түседі. Олимпиада ойындарында басқа спортты білмеймін, әйтеуір осы спорт түрінен бос қайтпайтынымыз анық, әрине қанымызда бар спорт түрі ғой. Бұл Бекзаттай күштінің арқасында қол жеткізген мақтаныш спорт түрі. Бекзаттың ізін жалғап келе жатқан спортшыларымыз еліміздің, шетелдің ареналарында бокстасып жүр. Жыл сайын бокс өнеріне арналған жарыстар ұйымдастырылуда. Қазіргі еліміздегі бокстың дамуы алдыңғы орында.

Чемпионды туған Түркістан жері мен билігі ұлдарын ешқашан естен шығармақ емес. Оған дәлел Түркістан қаласындағы ауданға Бекзаттың аты беріліуі. Онда отыз мыңнан аса халық тұрады. 2010 жылы Бекзат Саттархановтың 30 жылдық мерейтойына қарсы Түркістан қаласында ескерткіш орнатылды. 2009 жылы Бекзаттың рухына арналған режиссер Сатыбалды Текеевтің «Бекзат» атты арнайы деректі фильм түсірілді.

Дайындаған:

Аға оқытушы Сейдалиев Кенесары Наурзбайұлы

Студент Доғдырбайқызы Аружан

0
0
1011

Осы тақырып бойынша

Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен тұлға - Yvision.kz