Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бақыт деген

Бақыт деген - балалығым,
Сөз бен ойда шалалығым.
Бақыт деген пәк күлкі мен
Ойындардан табар мұңым.
Бақыт деген сезім екен,
Ғашық болған кезім екен.
Оған жетер бір ғана жол
Тастан берік төзім екен.
Бақыт деген - өмір-өлең,
Мен туғанда-ақ төгіліп ең.
Маған бұрын бір-ақ күндік
Көбелектей көрініп ең.
Бақытымның білем құнын,
Бақыт деген - жырым, мұңым,
Қайғы болар бәлкім маған
Айырбастау бірін мұның.
(Ескіііі блокнотымды қарап отырып тауып алған өлеңім. Қазір жазбағаныма өөте көп болды. ал мына өлең қашан жазылғаны тіптен есімде жоқ.)
 
0
0
506

Осы тақырып бойынша