Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақын қыздар

Кім түсінген сезімін, тілектерін,
Мақтан етер қуана жыр еткенін.
Ақын қыздың жанына жара салдың,
Жұбатып, жүрегіне гүл екпедің.

Түсінбедің, ойладың бақытты деп,
Төге бердің аямай жақұтты көп.
Көрмедің бе, көзіне мұң тұнғанын,
Жұбатады тек оны уақыт-тірек.

Қаһарланбай, қабақты қатулатып,
Жанына үңілсеңші жақын барып.
Сонда ғана, жігітім, түсінесің,
Гүл сияқты екенін ақын халық.

Еседі самалдайын жырдың лебі
Әлденеден жасқанып тұрды ілгері.
Аялап, баптамаса ақын жанын,
Солады да қалады бір күндері.

2010 жыл

 
0
0
1860

Осы тақырып бойынша