Бесіктен безініп не ұтпақпыз?
«Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам» Бауыржан Момышұлы Балаға бір ай толғанда ауруханаға апарып көрсету міндет саналады екен. Сол үрдістен қалыспай, мен де баламды ала бардым. Екі айында екпе аласыңдар деп ескерткен медбике қолыма бір қағаз ұстатты. Сөйтсем, екпе алу үшін екінші балалар ауруханасына алдын ала қаралып, рұқсат алу шарт болып шықты. Бардық. Қаралдық. Невропатолог, хирургтан тез өттік деп қуанғаным сол еді, 3 кабинетте қатарынан тізіліп отыратын ортопедтерде кезек тіптен көп екен. Көп күтіп, кірдік-ау әйтеу… Баламның аяғын маманымыз ары қарады, бері қарады. Қарады да, «Бесікке бөлейсің бе?»- деп тосыннан сауал тастады. Қазір баласын бесіке бөлейтін адам кемде-кем ғой, мен кеудемді мақтаныш сезімі билеп, «Иә» деп қуана жауап қайтардым. Сол – ақ екен, әлгі орт…