Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бақыт

Бақытты бол!
Бақыт – тірек!
Бақыт – жүрек алауы.
Бақыт – тілек,
Бақыт – көңіл қалауы.
Бақыт – сыйлық,
Бақыт – Құдай рахымы.
Бақыт – шаттық,
Қуаныштың жақыны.

Бақытты бол!
Байлық қума,
Айлық қума сабылып..
Бақыт емес
Байларға тек тән қылық.
Байлық деп біл жүрегіңнің егізі,
Сүйген жаның жатса егер табылып.

 
0
0
617

Осы тақырып бойынша