Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақын жаны

Ақын жанын тұман болып бүркер мұң,

"Байлығым" деп сонда да мен жыр тердім.

Көңіл жасы тамшыласа біреуде

Өлеңменен көздің суын сүртермін.

 

Ақын жаны жаралғандай бұлақтан,

Таза көңіл, ақ пейілмен жыр аққан.

Нәзік жіппен өрнектелген өлеңді,

Жан табылмас тұғырынан құлатқан.

 

Ақын жаны... ақын жаны бөлек тым,

Сезіледі ақ көңілден өр екпін.

Жыр мен жаны егіз болып жаралған

"Ақындарды түсінбейміз" демек кім?

0
1
1142

Осы тақырып бойынша