Өмірдегі сұхбаттар
Мама:папаң гречканы құстың тамағы деп жақтырмады- Мен:гречка деген номері бірінші витаминге толы, пайдалы тамақ емес пе?!
- Апам:еркектерге ол тамақ емес, күйеуге шыққанда анау пайдалы, мынау зиян деп отырмай, барлығына ұнайтын тамақты жасап бер. Міне саған айтар ақылым.
- Мен (ішімнен):менің күйеуім өзім сияқты болады, нуу почти... Ал басқа жанұя мүшелеріне жасаймын ғой ұнататындарын. Өзіме болса бөлек тамақ жасап дағдылана беру керек...
Бұл өткен күзде ас үйде болған әңгіме еді. Табиғатымнан әлде өмір сабақтарынан тамаққа келгенде ерекше талғампазбын. Ұзақ өмір сүрудің құпияларын іздеп, әдемі қартаюға тырысып жүремін. Алайда өзгелерге өз дағдыларымды қабылдауды мәжбүрлемеуге тырысамын. Кез-келген адам өз басына тигенше өзгенің ақылын тыңдай қоймайды. Тексерілген, талай рет.
