Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рейн сарқырамасы және Штайн ам Райн қаласының орталығы

Ең алдымен Рейн сарқырамасына жол тарттық. Ауа-райы жаңбырлы болғанына қарамастан сарқырама айналасы туристерге лық толы. Кіре берісте билет сатып алып, жолыңызда алғаш кездесетіні музей, өнердің бұл түріне қызықпасаңыз ары қарай баспалдақтармен төмен бойлай өзеннің бойына түссеіңіз қайық айлағы бар. Белгілі бір минут сайын адамдарды жинап алып, сарқыраманың тура түбіне апарады, ол жерде үлкен жар тас орналасқан, баспалдақтармен көтерілсеңіз бір жағында Рейн өзеніне, екінші жағында тасып жатқан сарқырамаға керемет көрініс ашылады. Табиғаттың күші мен әсемдігі, Құдайдың жаратқан туындысы кез келген адамды бей жай қалдырмайды.

Сарқырамаға жақын Швейцарияның ескі қалаларының бірі орналасқан. Stein am Rhein. Штейн ам Райн, қазақша бір түрлі естілетін қаланың атауы немісшеден аударғанда Рейн өзеніндегі тас дегенді білдіреді. Бұл кішігірім қала өзінің қуыршақтарға арналған үйлеріндей көрінісімен өзіне бірден баурап алады. Барлық ғимараттары, кішігірім көшелері туристердің жүрегін жаулап алатыны сөзсіз. Өзіңді құдды бір ортағасырлық ертегіге тап болғандай сезінесің. Біз барған кезде себелеп тұрған жауынның астында саксофоншы өзінің музыкасын ойнап тұрған еді. Бұл біздің кеудемізді романтикалық толқынға толтырып, рухани ләззат сыйлаған болатын.

 

 
0
0
1697

Осы тақырып бойынша

Рейн сарқырамасы және Штайн ам Райн қаласының орталығы - Yvision.kz