Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинары

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Сатанов А.Е. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинарға қатысты.

Ол өз баяндамасында Этикалық Кодексінің нормаларымен таныстырып, барлық қатысушыларды кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Басқарма қызметкерлері диалогта белсене қатысты. Негізінде барлық сұрақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіруге, Этикалық Кодексінің ережелерін сақтауға қатысты болды. Барлық түскен сұрақтарға жауп берілді.

 
0
0
436

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинары - Yvision.kz