Құқықтық сауаттылығын арттыру-басты міндеттерінің бірі

А.ж. 7 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметшілеріне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы кейбір заңнамасының актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша семинар өткізілді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы қағидалары мен әкімшілік және құқық қорғау қызметіне түсу үшін тестілеу өту бағдарламаларына соңғы енгізілген өзгерістері мен толықтырулары түсіндірілді.
Семинарға қатысқандарға мемлекеттік қызметшілер қызметінінің тиімділігін бағалау өткізудің жаңа талаптарымен және сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекіту, тағылымдамадан өту, ротация жүргізудің тәртіптерімен таныстырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органның ішіндегі ауысушылығы туралы сұрақтар қарастырылды.
Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.
