Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері

А.ж. 12 қыркүйегі сағат 10:00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевтің төрағалық етуімен «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізілді.
Іс-шараның барысында агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мен Бизнестің жол картасы – 2020 мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысы туралы ауыл шаруашылықтық және кәсіпкерлік басқармаларының есептері тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезіндегі нысаналы көрсеткіштерге тигізетін әсері талқыланды.
Бұл іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ 13 аудандардың мемлекеттік органдары бейнеконференцбайланысы арқылы қатысты.
Кеңес соңында Департамент басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевпен тиісті ұсынымдар енгізілді.
