Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті
Ағымдағы жылғы 14 тамызда өткен Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық Күніне Департаменттің құрама командасы да ат салысты. 150-ден астам адамды құраған сайыста бағын сынауға, аймақтың мемлекеттік органдарының 16 командасы қатысты.Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен ашылған салтанатты жиында сөз алған, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы, Тәртіптік кеңес мүшесі Ж. Ахметова жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тиімді іске асыру үшін мемлекеттік қызметшілер әрқашан жігерлі де шымыр болулары тиіс, осы орайда салауатты өмір салтын ұстануда спортпен шұғылданудың пайдасы зор екендігін атап өтті. Сайыс ұзындыққа секіру, эстафеталық жарыс және түрлі қашықтықтардағы жүгіру кезеңдері бойынша өтті. Нәтижесінде Мемлекеттік қызмет істері және сыба…

