МҚІжСЖІҚА СҚО бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы туралы

Ү.ж. 7 тамызында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО облысы бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ақпаратымен Ішкі саясат басқармасының басшысы және «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің хатшысы сөз сөйледі.
Кеңес Ішкі саясат басқармасына азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралардың сапасын арттыруды, олардың қорытындыларына талдау жүргізуді, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен өзара іс-әрекеттесуін нығайтуды көрсетті.

Қоғамдық кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар аумақтық жоспарын орындаудың мониторингісіне белсенді қатысу ұсынылды.
Келесі болып сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған, мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалардың есебі мәселесімен Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша басқарманың бөлім бастығы тыңдалды.
Сонымен қатар облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен өткізілген, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына жүргізілген мониторингінің қорытындылары қаралды.
Есептерді ұсынудағы кемшіліктерге көрсетілді және оларды ұсынуға қатысты ұсыным енгізілді, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар шығарылды.
Келесі болып табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы орындау, табиғи монополиялар субъектілерінің жылу және электр қуатына тарифтерді мемлекеттік реттеу ақпаратымен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының м.а. сөз сөйледі.

Мәселені талқылауға «СевКазЭнерго», «СКРЭК» АҚ, Севказэнергосбыт», «Петропавловские тепловые сети» ЖШС, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының өкілдері да қатысты.
Кеңес, тыңдалым қорытындысы бойынша табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы сақтау бойынша, жылу электр қуатының ысыраптарын, жылу желілердің тозуын жою, жаңа технологияларды енгізу жұмысын күшейту, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар шығарды.
Одан басқа жылу элект қуаты тарифтерінің құрылуы, олардың көтерілуі себептері туралы БАҚ-та жариялау, сөз сөйлеу, жария тыңдаулар арқылы тұрақты негізде тұтынушыларды ақпараттандыру ұсынылды. Бұл бағытта жұмыс жалғастырылады.
Елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын берудегі өзекті мәселелер туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында әр қаралған сұрақ бойынша бірқатар нақты ұсыныстар шығарды.

