Облыстық маслихат, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, тексеру комиссиясы басқармаларының қызметкерлері арасындағы семинар

Ағымдағы жылғы 7 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті Облыстық маслихат, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, тексеру комиссиясы басқармаларының қызметкерлері арасында семинар өткізді.
Қызметкерлер жиынға қатысушыларды бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстармен таныстырып, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.
