Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметті реформалау туралы


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті облысымыздың аудандарында Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі кездесулерін белсенді өткізуде.
Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды талқыға салу мақсатында, мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру бойынша семинарлар өңіріміздің Тайынша және Ақ қайың аудандарындағы мемлекеттік органдарда өтті.
Кездесулер барысында мемлекеттік қызметке өту, соның ішінде еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласын енгізу, кандидаттарды төменгі лауазымдарға сұрыптау және мансаптық жоғарылату, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселелері қарастырылды.
Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігін толғандырған сұрақтардың бірі – 2016 жылға жоспарланған кешенді аттестациялау болды.
Бұған Департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Елена Степаненко: «Заңнаманы білуде сынаққа шек қойылмайды, керісінше тестілеудің нәтижелері мемлекеттік қызметшіні одан әрі дамыту үшін жеке жоспарлар құруға, яғни оқытуға негіздеме болады»- деп, жауап берді.
Жалпы көрсетілген тәсілдер, мемлекеттік қызметшінің тиісті еңбек ақы алуын қамтамасыз етуге бағытталған және ең үздік халықаралық тәжірибелерді ескерумен кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға септігін тигізеді.

0
0
1191

Осы тақырып бойынша