Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сабырлы басшы – мемлекеттік қызметтің абыройы

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша Ұлт Жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру шеңберінде, а.ж. 11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы құзыреттікті зерттеу секторының меңгерушісі, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі «Әлеуметтік-басқарушылық технологиялар» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ЖАК доценты, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер Лейла Өмірзаққызы Асылбекова орталық мемлекеттік органдарының жергілікті органдарына және аумақтық бөлімшелерінің басшылығына арналған басқару стилі және мүдделер теке-тіресін реттеу мәселелері бойынша бірегей семинар-тренинг өткізді.

«Басшы әдепнамасының негізін – өзін-өзі қоғамда ұстауы құрайды. Ол тек әдемі киінумен шектелмей, адамды тыңдай білуі және мәселенің ара-жігін ажырата білуі тиіс. Оның халық үнін естуі қызметінің сапасын арттырады. Басшы қоғамдық мүддені неғұрлым жоғары қойса, соғұрлым білікті мемлекеттік қызметкер және көшбасшы қалыптасатыны сөзсіз»-деп, профессор ақыл-кеңесін жеткіді.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметшілер күнделікті өмірде тұрғындарға қызмет көрсету кезінде тап болатын келеңсіз жайттардың мысалдарына куә болды. Сонымен қатар ұжымда дауды болдырмау мақсатында тәжірибелік ұсыныстар берілді.

Семинар-тренингке қатысушылар біліктілігі жоғары маманнан көп пайдалы әсер алғандығы соншалық, оның әрбір сөзіне зейін қойып тыңдады. Өйткені мұндай кездесулердің мемлекеттік қызметшілерге берері мол.

Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты.

 

0
0
484

Осы тақырып бойынша

Сабырлы басшы – мемлекеттік қызметтің абыройы - Yvision.kz