«ПАМЗ» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайды және мемлекеттің институционалды реформаларын іске асыруға ат салысуда

Ағымдағы жылғы 6 тамызда СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ әкімшілігі мен инженерлік-техникалық жұмысшыларының қатысуымен семинар өткізді.
Зауыт директорының м.а. В.В. Ковшов өткізіліп жатқан институционалды реформалар әкімшілік тосқауылдарды азайту мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жолында инвестициялық және бизнес-ахуалды құруға бағытталғандығын семинар басында атап өтті.
Қазақстанның мемлекеттік сыңайлы секторындағы ірі кәсіпорнының инженерлік-техникалық жұмысшылары 10 жыл мерзімге жоспарланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысымен таныса отырып, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырғаны үшін ХҚКО оң бағасын берді.
Департамент қызметкерлері өз кезегінде, кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды құруға арналған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі арасындағы Келесім туралы мағлұмат берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы таныстырылды.
