СҚО Тәртіптік кеңесі қатаң сөгіс жариялады
Ағымдағы жылғы 22 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралды, ішіндегі 8 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды. Алдымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы бойынша, еңбек заңнамасының нормаларын бұзған, Қалалық балалар емханасының бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қаралды. Нақтырақ айтқанда, өзге жерде қызмет ететін қызын қоса атқару шартын жасаспай жұмысқа қабылдаған дәрігер, оған еңбекақысын да толық көлемде төлеп келген. Же…