«Дарын» мектеп-лицейінің оқушылары мемлекеттік органдарды адалдыққа шақырады

Ағымдағы жылғы 7 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Петропавл қаласында орналасқан, «Дарын» мектеп-лицейінің 9, 11 сынып оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу жөнінде сынып сағаты өтті.
Сабақты бірегейлендіруді көздеген болашақ түлектер, 9 сынып оқушыларына жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша ақпараттық жұмыс өткізді.
Сынып сағатында интерактивті әдісті пайдаланған мектеп оқушылары «жемқорлық» түсінігінің мағынасын ашумен қатар, мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмаудың жолдарын да іздеп тапты. Ал түрлі қойылымдар ретінде көрсетілген оқиғалар, мемлекеттік органдардың жемқорлығы қоғам өміріне қаншалықты қауіпті екендігін көрсетті.
Бұрын соңды болмаған ашық сабақта белсенділік танытқан оқушылар, Департаменттің бастамасына оң баға беріп, қоғамдағы жемқорлықты жеңу үшін мемлекеттік қызметшілер өз істеріне адал болулары тиіс деген шешімге келді.
Шара соңында тақырыптық бейне роликтер ұсынылды.

