Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған телекөпір
Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, департамент басшысы Ш.Қ. Қабдула төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбындағы телекөпірге қатысты. Республикалық науқанға Қазақстанның барлық аумақтары қатысты. Осы күні Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен облыстардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерінің мәжіліс залдары ғылым, шығармашыл интеллигенция, бизнес өкілдеріне, мәдениет, білім салаларының қайраткерлеріне, дәстүрлі діндер, этномәдени және жастар бірлестіктерінің адамдарына лық толы болды. Телекөпір жиынын ашқан Агенттік Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжанов, «Нұр Отан» п…


