Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілер қатары толықты!

Ағымдағы жылғы 11 желтоқсанда ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, облысымыздың 10 мемлекеттік қызметшісінің салтанатты ант қабылдау рәсімін өткізді.
Жас мамандарға Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Светлана Зайцева өзінің ізгі тілектері мен құттықтауларын жолдап, бұдан былай мемлекеттік қызметшілер қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген жоғары сенімді ақтай білулері тиіс деді.


Ал Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Елена Степаненко: Қазақстанның егемендік алғаннан бері экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси тұрғыда қарыштап дамуда және өркендеу жолында толағай табыстарға қол жеткізді. Мемлекет басшысы институционалды жетілудің негізгі бағыттарын айқындады. Ендігі кезек мемлекеттік қызметшілерде деді.
Мемлекеттік қызметшілер өз кезегінде, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халқымызға адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етті

0
0
512

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілер қатары толықты! - Yvision.kz