Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында жемқорлыққа қарсы диалог алаңдары өтті

Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан үкіметтік емес, этномәдени, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеп – қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген айрықша сенімге негізделген кәсіби стандарт» тақырыбында өткен диалог алаңында жемқорлыққа қатысты пікірлерімен алмасты. Мұндай шарадан Солтүстік Қазақстан облысының аудандары да шет қалмады.
Осылайша өткен аптада өңіріміздің Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Тайынша және Уәлиханов аудандарында диалог алаңдары болып өтті.

Аталған шаралардың көздегені – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте адамгершілік құндылықтарды пайдалану арқылы қоғамның жемқорлық сипаттарына деген «нөлдік» төзімділігін қалыптастыру. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үкіметтік емес сектордың алатын орны ерекше.

Осы сынды мәселелер, бүгінгі таңда қалыптасқан өзге де өзекті проблемалар кездесулер барысында кеңінен талқыланды. Ал қоғамда жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптасу үшін мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері тығыз қарым-қатынас орнатулары тиіс.
